Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Алматы қаласында «Казақстандағы исламтану мектебін дамыту бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Алматы қаласында «Казақстандағы исламтану мектебін дамыту бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

15.11.2018

104

2018 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласында «Казақстандағы исламтану мектебін дамыту бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Жиынды ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелде зерттеудің нәтижелерін талқыланып, «Казақстандық исламтану мектебін дамыту бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» жобасының шеңберінде ғылыми айналымға жаңа діни ақпарат көздерін енгізу мәселесі қозғалмақ.

Аталмыш шарада Әбсаттар қажы Дербісәлі, Алау Әділбаев, Қайрат Құрманбаев, Досай Кенжетай, Төреәлі Қыдыр, Мұхан Исахан, Имамумади Түсіпхан, Рәшид Мұхитдинов, Ақмарал Сатыбалдиева және т.б. ғалымдар қатысып, баяндама жасайды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге танымал дінтанушылар, ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің  конференц-залы (205 кабинет).

Уақыты: 14.00 – 17.00 с.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8702 150 8424, 8702 891 0649.

 

 

 

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды