Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

15 қарашада Алматы қаласында «Қазақстандағы діни саланың ахуалы: мәселелер және перспективалар» шолу баяндамасының презентациясы өтеді

14.11.2018

72

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Контр-террористік комитет» РҚБ «Қазақстандағы діни саланың ахуалы: мәселелер және перспективалар» шолу баяндамасын әзірледі.

Баяндама мазмұны ақпараттың әлеуетті тұтынушыларының (мемлекеттік құзыретті орган, аймақтардағы дін істер бойынша басқармалар, діни мотивациаланған экстремизмге қарсы тұру мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, дерадикализация бойынша жұмыс жүргізетін құқық қорғау органдары) назарын діни саланың күйіне, қазақстандықтардың оны қабылдауы мен түсінуі тараптарына аударады.

Әлеуметтанушылық деректер ауқымындағы баяндама тұрғындарды жаппай сұрастыру, фокус топтардағы сұрастыру және сарапшылар бағалауы бойынша зерттелген діншілдік тенденцияларын ашады. Қазақстандық қоғамның өміріндегі дінді қабылдау және бағалау мәселелері, діншілдік күйі, дәстүрлі және жаңа діндер мағынасы, діни конверсия трендтері, соның ішінде діни мотивацияланған экстремизм мен терроризмге байланысты радикализация және экстремизацияның күрделі салалары сипатталған.

Сондай-ақ, ашық ақпарат көздерінің негізінде дерадикализацияның шетелдік тәжірибесі талданып, отандық тәжірибелерге шолу жасалған, ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсынымдар құзыретті органдарға жіберілетін болады.

2018 жылдың 15-қарашада сағат 15.00 Алматы қаласында Сәтпаев к-сі, 16-18, 18 А, ТУРАН университеті, бас ғимарат, 492 кабинет мекен-жайы бойынша  «Қазақстандағы діни саланың ахуалы: мәселелер және перспективалар» шолу баяндамасын әзірлеу» жобасы нәтижелері көпшілікке таныстырылады.

Іс-шараға қатысушылар: бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҮЕҰ.

СПИКЕРЛЕР:

Бурова Елена Евгениевна - «Перспектива» Ақпараттық-консультативтік тобының президенті, философия ғылымдарының докторы, профессор

Әлия Сайлаубекқызы - әлеуметтану магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, PhD докторы.

 

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды