Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
"Астана Банкі" акционерлік қоғамындағы жағдай туралы

"Астана Банкі" акционерлік қоғамындағы жағдай туралы

26.09.2018

40

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (ары қарай - Орталық) клиенті болып табылатын «Астана Банкі» АҚ-де (ары қарай - Банк) орын алған жағдайға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 214 шешіміне сәйкес Банк банктік және басқа да операцияларды өткізу лицензиясынан айырылды.

Банк аясындағы дағдарысты ахуал Орталық қызметінде де көрініс тапты. Гранттық жобаларды қаржыландыруға арналған негізгі қаражат ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін банктің шектеу нәтижесінде пайдалануға қолжетімсіз болып отыр.

Лицензияны қайтарып алуына байланысты Орталық бірінші байқаудың грант алушыларымен келісім-шарттарды бұзу туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды. Сонымен қатар, екінші байқау қортындысы бойынша жеңімпаз болып танылған үкіметтік емес ұйымдармен келісім-шарт жасаспауға шешім қабылдады.

Бүгінгі күні Орталықпен үшінші байқау аясында «Жастар саясатын қолдау», «Қоғамдық бірлестікті және ұлттық бірлестік нығайту. Қоғамның дерадикализациялануы» бағыттары бойынша жалпы сомасы 136,1 млн. теңге құрайтын жеті гранттық жоба жүзеге асырылуда.

Біз гранттық қаражаттардың үкіметтік емес ұйымдар мен ақырғы бенифициарлар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, алайда Орталық көптеген басқа мемлекеттік, мемлекеттік сыңыйлы және жеке меншік секторларының заңды тұлғалары сияқты аталмыш жағдайдың тұтқыны болды.

Казіргі уақытта Орталық гранттық қаржыландыру үшін жоспарланған ақшалай қаражаттарды бюджетке қайтару бойынша шараларды қолдануда.

Орталық үкіметтік емес ұйымдарға орын алған жағдайға түсінушілікпен қарағаны үшін шын жүректен алғыс білдіріп, болашақта әріптестік қарым-қатынас орнатамыз деп сенеді.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды