Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

Мемлекеттік органдармен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында өзара әрекеттестік жасау

10.07.2018

228

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры 20 шілде күні Семей қаласында   «Мемлекеттік органдармен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында өзара әрекеттестік жасау» тренингін жүргізеді.

Мақсат – үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік жасау мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыру.

Бүгінгі күні мемлекеттік билік органдары мен ҮЕҰ өзара сұхбатын дамыту қажеттігі  осы үдерістің барлық қатысушыларымен мойындалып отыр. Аймақтарда өзара әректтестікті ұйымдастыру бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақталса да, бұл тәжірибе кей-кездерде жағымды бола бермейді – сұхбатты ұйымдастыру үдерісі барысында түрлі проблемалар туындап жатады, сонымен қатар, оны дамыту және нығайту да қажет, себебі тараптар бетпе-бет кезігіп отырған мәселелерді өз бетінше шеше алмай отыр.

Билік органдары сұхбат құруға әзір, себебі бұл оларға жүктеліп отырған тапсырмаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкнідіктер береді. Бірақ бұл жерде мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтін көпшілік мамандар өз бетінше, өз тәжірибесі мен ресурстарына сүйеніп қана туындап отырған мәселелерді шешу мүмкін еместігін, ҮЕҰ қолдауының қажет екенін түсінеді.

Тренингте келесі мәселелер бойынша теориялық блоктар мен белсенді практикалық жаттығулар болады: - тиімді әрекеттестікке қажетті базалық принциптер мен шарттар,  әрекеттестік моделдері мен түрлері, серіктестік пен әріптестік, билік органдары мен ҮЕҰ әрекеттестігінің логикалық  құрылымы, әрекеттестіктің форма/механизмі,  әлеуметтік маңызды мәселелерге назар аударуға арналған әріптестік әдістері.

Іс-шара өтетін мекенжай: Семей қ., «Семей» қонақ үйінің мәжіліс залы, Қабанбай Батыр көш., 26 ( 9:00-ден 17:00-ге дейін). 

Аккредитация бойынша: Нургазинова Екатерина, +7(7232) 51-33-88, ұялы. +7 705 530 23 64, e-mail zubr-kz@mail.ru

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ мемлекеттік гранты бойынша  «Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» принципі бойынша үкіметтік ұйымдарды қолдауға арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасының аясында 

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды