Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Мемлекет пен ҮЕҰ өзара әрекеттестігі: тиімділікті арттыру қажет пе?

Мемлекет пен ҮЕҰ өзара әрекеттестігі: тиімділікті арттыру қажет пе?

04.05.2018

47

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әрекеттестігіне қатысты мәселелер тәуелсіз Қазақстанның даму барысында түрлі форматтарға талқыланған. Бірақ, сонымен қатар, бұл сұрақтар әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, себебі мемлекеттік басқару жүйесі де, азаматтық сектор да даму үстінде, күн тәртібіне елдің жаңа стратегиялық даму мақсаттары шығарылуда.

Осы әрекеттестікті не себепті құрып, тиімділігін арттыру маңызды болып табылады? ҮЕҰ азаматтық қоғамның азаматтардың көзқарастары мен талаптарын білдіру, ақпараттандыру, қоғамдық пікірді қалыптастыру, әлеуметтік инновацияларды дамыту, азаматтық белсенділік пен қоғамдық ықпалдасуды дамыту бойынша аса маңызды функцияларды атқарып отырған басты институттарының бірі болып табылады. Және дәл осы тиімді әрекеттестік ел көлеміндегі инновацияларды енгізуге қатысты түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру барысындағы синергия әсеріне (әсер жекелеген әрекеттер нәтижесінен асып түседі) қол жеткізуге мүмкнідік береді.

Соңғы 5-7 жылда Қазақстанда мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара әрекеттестігінің формалары мен әдістері неғұрлым кеіейе түсті; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесінен басқа, кеңес-беру –кеңесу органдарының жұмысына қатысу, қоғамдық кеңестер, Азаматтық форумдар, өтініш беру, ұсыныс жасаулар қоғамдық бақылау механизмі, ҮЕҰ мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауда, қоғамдық кеңестер жұмыстарының жаңа тәсілдерінде, ҮЕҰ жобаларын гранттық қаржыландыру жүйесінде, ҮЕҰ жүлделері, ҮЕҰ кеңес беру-кеңесу органдарындағы үлесінің артуында, мемлекеттік органдардың кейбір функцияларын бәсекелестік ортаға, соның ішінде ҮЕҰ тапсыру механизмі заңнамаға енгізіліп, іске асырылуда.

Дегенмен, әлі күнге дейін бірқатар мәселелер шешімін тапқан жоқ: әрекеттестіктің тар салалыұ механизмдері, ҮЕҰ ұйымдарының қызметі туралы ақпараттың жетіспеушілігі, түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың ҮЕҰ жұмыс ерекшеліктерін түсінбеуі, билік және тұрғындар тарапынан сенімсіздік таныту, ҮЕҰ өздерінің пассивтілігі өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Бұл мәселелерге біз «Мемлекет пен ҮЕҰ өзара әрекеттестігінің 5 проблемалық тұстары» деген келесі жарияланымда кеңінен тоқталамыз. Ал әзірге «Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігінің деңгейін арттыру» жобасы туралы алдын-ала құлақтандырғымыз келеді. Бұл жобаны жүзеге асыруға «ТРИНТА» жеке қоры Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ мемлекеттік гранты аясында кірісіп отыр.

Қандай аймақтар қамтылмақ:

Іс-шаралар (оқыту сессиялары, пікірталас алаңдары) – Алматы және Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында өтеді.

Мекенжайлық таралымдар, бейне-сабақтар, жарияланымдар, соңғы бастамалар шарттарынадғы өзара әрекеттестіктің қолданыстағы механизмдерінің талдауы мен әрекеттестіктің жаңа мүмкіндіктері, пікір мен ұсынымдарды жинау, кеңес берулер елдің барлық 16 аймағын қамтиды.

Бұл жоба кімге арналған:

Билік органдарымен өзаара әрекеттестік жасайтын Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, Қоғамдық кеңестер мүшелері, азаматтық қоғамның басқа институттарының өкілдері.

ҮЕҰ әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамудың түрлі салаларында әрекеттестікке түсетін Республикалық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының өкілдері.

Азаматтық қоғам туралы жазатын журналистер, атап айтқанда, билік органдары мен ҮЕҰ әрекеттестігі үдерістерін жетілдіру тақырыбында жазатындар.

Егер жоба жаңалықтарынан құлағдар болғыңыз келсе (#ТРИНТА_взаимодействие), іс-шараларға қатысып, өз ойыңызды білдіруді қаласаңыз, материалдармен танысқыңыз келсе, бізбен байланысқа шығыңыз:

8 7232 52-53-94, Trinta-kz@mail.ru немесе +77056207586 (WhatsApp)

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды