Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін конкурс жүргізу туралы жариялайды
Жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында осы айдың 26-28 күндері «Құқығым бар» тақырыбында семинар-тренинг өткізгелі жатыр
Ақмола облысы Арнасай ауылында «Болашаққа қадам» атты бизнес жобалардың байқауы өтіп жатыр. Оған қатысуға еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық өтініш түскен. Соның ішінен 30-ы ақтық кезеңге шықты. Бүгін олар өз идеяларын комиссия мүшелерінің алдында қорғады.
02.04.2018
93
ҮЕҰ өкілдері назарына!
Сіздердің назарларыңызға «Asar» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасына қатысу байқауының ережесін ұсынады.
Платформаға еліміздің кәсіпкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Платформаға қатысу үшін ҮЕҰ-дың жобалары келесі талаптарға сай болу керек:
· Жобалар жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуде тұрғындардың қоғамдық әлеуетін қолдануға және осы аймақтардағы өмір дәрежесін көтеруге бағытталуы керек.
· Ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтардың өмірін жақсартуға шынайы үлес қосуы керек.
· Жобалар ҮЕҰ-дың ағымдағы қызметіне немесе бір реттік іс-шараларды өткізуге бағыттала алмайды.
· Жобалар бұрынғы кездері қаржыландырудың басқа дереккөздері арқылы жүзеге асырылмаған болуы тиіс.
ҮЕҰ өз жобалары www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып, Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.
Кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды www.asarprojects.kz онлайн-платформасынан көре алады.
ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, оларға инвестиция құйылуы мүмкін.
Жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобалар тиісті аймақтардағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінде таратылады және «Рухани жаңғыру» әлеуметтік бастамалар Картасына жолданады.
Платформаны өткізу кезеңдері:
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында – ҮЕҰ-дың жобалары көрсетілген өтінімдерді жинау;
1) екінші кезең – 2 мамыр және 2 маусым аралығында – ҮЕҰ-дың жобаларын онлайн-платформада жариялау және кәсіпкерлер арасында тарату. Онлайн-платформада осы ереже талаптарына сәйкес келетін жобалар ғана жарияланады;
1) үшінші кезең – маусым айының екінші жартысы - ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында меморандумдарға қол қою.
ҮЕҰ Платформаға қатысу үшін 2018 жылдың 2 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) asar@cisc.kz электронды поштасына Платформаға қатысу туралы өтінімді қазақ немесе орыс тілінде жіберулері тиіс.