Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

Деректер Базасында болмаған өтініш берушілер анықталды

28.02.2018

441

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 13 тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың База деректерінде арыз берушілер туралы мәліметтерді тексеруден кейін, келесі ҮЕҰ конкурсқа қатыса алмайды.


№ п/п

Өтініш берушінің атауы

Негіздеме

1.

«Көптілділік және мәдениет мектебі» ҚҚ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

2.

«ПРОФ-С» продюсерлер, режиссерлар, операторлар, суретке түсірушілер және» сценаристер гильдиясы ҚБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

3.

«Posadiderevo.kz» РҚБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

4.

«Союз молодежи Темиртау» АҚҰ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

5.

«Казахстанская ассоциация индустрии детских товаров» ЗТБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

6.

«Меніңтілім» тілдерді дамытуды қолдау ҚҚ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

7.

«Альрами» есі ауысқандар үшін клубтық үй ҚБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

8.

«К. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары комиссиясы» ҚБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

9.

«Отандас-Ел» Республикалыққоғамдықбірлестігі

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы

10.

«Сахихұрпақ» ҚБ

Қағиданың 13 тармағының4) тармақшасы


2. Сонымен қатар, «жастар ұйымының қолбасшыларын сондай-ақ, көсбасшы жастарды оқытуға бағытталған «Жастар кадрлар резерві» жобаны жүзеге асыру» №17 тақырыбына байланысты, барлығы екі ұйымнан екі ғана өтініш келіп түсті. Екі ұйымның біреуі деректер Базасында тіркелмеген. Қағиданың 14 тармағына сәйкес, егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе, конкурс өткізілмеді деп танылады. Осыған байланысты гранттың 17 тақырыбына сәйкес конкурс өткізілмеді деп танылды.


Өтінімдерге қатысты барлық туындаған сұрақтар бойынша жобаның менеджеріне келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймын:

67 81 91, 67 81 84, 67 81 88.


ҮЕҰ өтініш толтырғандағы типтік қателері туралы


2018 жылдың 3 қаңтарында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ(келесіде-оператор) мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсы туралы хабарлама жарияланған болатын.

Хабарламада конкурсқа қатысу өтініштері 2018 жылдың 2 ақпанына дейін қабылданады деп көрсетілген болатын.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік емес ұйымдардан 202, барлығы 352 өтінім түскен болатын.

Олардың 1 үкіметтік емес ұйымның өз бастамасы бойынша қайтарылып алынған болатын.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (келесіде-Қағида) Қағиданың 11 тармағына сәйкес, Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға және бекітілген Жоспарға сәйкес келуін қарайды.

Қағиданың, конкурсқа қатысуға бас тарту 13 тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың өтініш толтырудағы типтік қателері болып:

1) 10-тармақта көрсетілген ұсынылған құжаттардың (қосымшалардың бірі) толық болмау фактісі анықталған жағдайда (мысалға: кейбір өтініштерде мазмұны болжамдағы әлеуметтік жобаның мазмұны көрсетілмеген немесе әлеуметтік жобаны іске асырудағы шығындардың сметасы көрсетілмеген );


2) өтінімнің бекітілген Жоспарға сәйкес келмеуі;

Мысалға:

Жобамен көзделген барлық тапсырмалар өтініште көрсетілмеген (жобаның негізгі бағыттары);

Кейбір өтініштер аумақпен қамтылмайды (мысалға, Жоспарда жобаны облыста және Астана, Алматы қалаларында жүзеге асыру көзделгендігі көрсетілген, алайда өтініштерде тек облыс, немесе 4-6 облыстар көрсетілген).

Егерде үкіметтік емес ұйымдардың осы Қағидаға және Қазақстан Республикасының гранттарды ұсыну бөліміндегі заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары болған жағдайда, Оператор ұсыныстарды қабылдауға және серіктесуге дайын.

Қағиданың 12 тармағына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың өтініш толтырғандағы типтік қателері болған жағдайдағы, сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдауы, болып:


1) бекітілген Қағида нысанына өтінімнің сәйкессіздігі (мысалға, әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда шығын сметасы өтініш берушінің өз қалауы бойынша жасалған, алайда Қағидамен ол құжаттың нысаны бекітілген, одан бас тарту мүмкін емес);

2) кейбір қосымшаларда бет көлемі талаптарға сәйкес емес (Қағидада өтініш берушінің жұмыс тәжірибесі туралы А4 форматта бес беттен аспауы тиіс, ал, балжамды әлеуметтік жобаның мазмұны А4 форматта он екі беттен аспау тиіс деп көрсетілген);

3) грант ұсынудағы бағыт көрсетілмеген (мысалға,тақырыпты көрсету қажеттігі туралы және бекітілген Жоспарға сәйкес грант бағыты өтініштің нысанында көзделген, алайда кейбір өтініш берушілер тек тақырыптарны көрсеткен);

4) Тігілмеген құжаттар және (немесе) өтініш берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылмаған, мөрмен (болған жағдайда) бекітілмеген (Қағида талабы);

5) электрондық жеткізгіштерде болмауы (Қағида талабы);


Қазіргі уақытта өтініш берушілер өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген ескертулер бойынша жұмыс істеуде.


Сәйкессіздіктерді түзету қажеттігі туралы хабарландыру келіп түскен үкіметтік емес ұйымдар назарын келесіге аударуларын сұраймыз, егер белгілеген уақытта, сәйкессіздіктерді түзетпеген жағдайда немесе Қағидаға талаптарына сәйкес емес құжаттарды қайтадан ұсынған жағдайда, Оператор Қағида талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға бас тартуға тура келеді. Осыған байланысты, үкіметтік емес ұйымдар ескертулерді түзету барысында түбегейлі мұқият болуын сұраймыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»Заңының 6-1 бабының 3 тармақшасына сәйкес, «Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі».

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, конкурстық комиссиясымен қарастыруға өткізілген өтініш берушілердің соңғы тізімі түзетулер есебімен және ескертулерге сәйкестендірілген өтініштердің есебінен құралады, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар деректер Базасындағы өтініш берушілер туралы ақпарттар да есепке алынады.

Ескере кететін жайт, мемлекеттік гранттарды ұсыну және Қағидаға сәйкес өтініштерді рәсімдеу сұрақтары бойынша Оператор тұрақты ақпараттық-анықтау жұмысын жүргізіп отырады.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды