Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік грантқа байқау жарияланды

Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік грантқа байқау жарияланды

04.01.2018

197

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйақы туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрі бекіткен 2015 жыл 25 желтоқсандағы №413, Дін істері және азаматтық қоғам Министрі м.а. жарлығымен редакцияланған 2017 жыл 18 тамыздағы №123 Үкіметтік емес ұйымдарға грант бөлу және оның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы орталық азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар ұсынады. Грантты қаржыландыру операторы ретінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанынан 2016 жылы арнайы орталық құрылды. Алғашқы жылы 88 өтініш түсіп, 194,5 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы өтініш саны 512-ге жетіп, 618,5 млн теңгеге 57 жоба қаржыландырылды. 2018 жылы үкіметтік емес ұйымдарға 900 млн теңгеге 87 грант бөлінеді. Байқау туралы толық ақпаратты http://cisc.kz/media/news/1181/ сілтемесі бойынша таба аласыздар.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды