Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға тағайындалатын мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды

05.01.2018

211

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік даму саласының өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуетін көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды тағайындауға байқау жариялады. 2018 жылғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды тағайындау жоспарына сәйкес гранттар 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша 87 тақырыпты құрайды. Атап айтқанда, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт, азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау және гендерлік мәселелерді шешу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жобалары бар. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері Комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған Жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Президент Жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде құрылады. Мемлекеттік гранттар байқауына қатысуға өтініштер 2018 жылдың 2-ші ақпанына дейін қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады. Все права защищены.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды