Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Қазақстандағы «Еріктілер ұйымдарының картасы» жасалды

Қазақстандағы «Еріктілер ұйымдарының картасы» жасалды

25.12.2017

567

«Қазіргі кезде дүниежүзінде миллиондаған адамдар еріктілер қатарына кірген. Бұл – азаматтық қоғамның іргетасы. Ол өмірді жақсы бағытқа өзгертіп, адамзатты әлемдегі бейбітшілік пен еркіндікке, қауіпсіздік пен әділетке шақырады. Қазақстанда еріктілер ісі шет елдердегідей танымал емес, енді қалыптасып жатыр. Сол себепті осы қызмет түрін насихаттауға мемлекеттік деңгейде шаралар алынып жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранты аясында «DOC.kz» Әлеуметтік-еріктілер ұйымы» бұл саланы зерттей келе алғашқы еріктілер картасын жасады» - дейді ұйымдастырушылар. «Еріктілер ұйымдарының картасы» белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар, еріктілер ұйымының талаптары туралы «баяндап» береді. Карта: Еріктілер ұйымдарының саны Ақтөбе облысы - 1 Батыс Қазақстан облысы - 2 Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы - 3 Жамбыл облысы, Павлодар облысы - 4 Маңғыстау, Атырау облысы - 5 Шығыс Қазақстан облысы - 7 Ақмола облысы - 8 Қостанай облысы - 9 Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы - 12 Астана қаласы, Қарағанды облысы - 15 Алматы облысы – 20 Картада байқағандарыңыздай, еріктілер қозғалысының ең көп шоғырланған жерлері мегаполистер мен ірі қалалар. «Бұл аталмыш қалаларды орналасқан ЖОО-да оқитын жастар мен жалпы өмір салты белсенді жастардың көптігімен байланысты. Ауылдық жерлерде еріктілер белсенділігі едәуір төмен. Алайда, еріктілердің жастары едәуір «есейіп» келеді. Сәйкесінше іс-шаралар жергілікті қоғамдастықтың жергілікті мәселелерін шешуге бағытталған» - дейді мамандар. Олардың айтуына қарағанда елімізде еріктілер қызметінің дамуына қиындық тудыратын 5 өзекті мәселе бар. - «Мемлекеттік және жергілікті билік органдарының еріктілер қызметін дамытуда қажеттіліктермен қамтамасыз етудің және қолдауының жеткіліксіздігі» (28,7%); - «Еріктілердің өз жұмыстары туралы нақты жауапкершілігі мен түсінігі жоқ» (28%); - «Еріктілерді дайындайтын кәсіби мамандар жетіспейді» (23,4%); - «Еріктілер қозғалысы дамуының нақты бағдарламасы жоқ» (22,9%); - «Еріктілерді оқытуға дұрыс көңіл бөлінбейді» (15,2%).

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды