Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ

25.12.2017

500

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» биыл қолға алып, жүзеге асырған 57 жоба бойынша қоғамдық есеп берді. Орталық мемлекеттік гранттарды беру үшін 3 байқау өткізген. Нәтижесінде, еліміздің 49 үкіметтік емес ұйымы 618 миллион теңгенің бастамасын іске асырды. Жалпы, осы уақыт аралығында 39 әлеуметтік қызмет құрылған. Онда азаматтар көмек сұрап, өзіне қажетті кеңес пен әлеуметтік көмек ала алады. Сондай-ақ, 6 сенім телефоны мен 8 веб-ресурстың жұмысы қолға алынған. «Мұның барлығы халықтың тұрмысы мен әлеуметтік маңыздылығын арттыруға бағытталған жұмыстар», дейді бастамаға мұрындық болғандар.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды