Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

Үкіметтік емес ұйымдар бастамасымен 57 гранттық жоба іске асты

25.12.2017

102

Биыл елімізде үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен 57 гранттық жоба жүзеге асты. Көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсету үшін 39 әлеуметтік қызмет орталығы, 6 жедел желі және 8 веп-ресурс өз жұмысын бастаған.

Бұл мақсатқа жұмсалған қаржы 618 млн теңге болды. Балалардың құқықтарын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету және теріс діни ағымдардың арбауына түскен азаматтарға қолдау көрсетуде үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытып отыр.

Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

-Жыл бойы 300 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген болатын. Оның арасында түрлі қылмыс жасаған азаматтар да бар. Мына осындай теріс ағымдарға кетіп қалған азаматтардың жанұялары, балалары, ата-аналары, өздеріне көмек көрсетілген болатын. Біздің ойымызша, бұл жұмысты әрі қарай нығайту қажет.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды