Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ өкілдерін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсынуға арналған байқау аясында сараптау комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады

08.08.2017

331

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

ҮЕҰ өкілдерін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсынуға арналған байқау аясында сараптау комиссиясын қалыптастыруға қатысуға шақырады

 

1. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптау комиссиясы туралы

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ары қарай – Орталық) ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.  

Орталық ҮЕҰ арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша кезекті байқау өткізу жариялады. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен ҮЕҰ-ға гранттар берудің қосымша жоспары  (ары қарай – Жоспар) бекітілген.

Гранттардың тақырыптары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5 бабында қарастырылған мемлекетттік гранттарды ұсыну салаларымен сәйкес қалыптастырылады.  

Сараптау комиссиясы Жоспарға кірген мемлекеттік гранттарды ұсыну салаларына байланысты қалыптастырылатын болады.

Осыған орай, Орталық ҮЕҰ-дарды сараптау комиссиясын қалыптастыруға қатысуға және сараптау комиссиясының құрамына кіргізу үшін ҮЕҰ өкілдерінің кандидатураларын жіберуге шақырады.

Сараптау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылатынын хабарлаймыз: сонымен бірге сараптау комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан 30% өкілі оператормен, ал   70% - үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады.

Жалпы алғанда, сараптау комиссиясы төрағадан, оның орынбасарынан, 7-ден 9-ға дейінгі мүшелерден және сараптау комиссиясының хатшысынан тұрады.

Әр үкіметтік емес ұйым сараптау комиссиясының құрамына тек қана бір өкілді ұсына алады. Бір сарапшы бір жыл аралығында сараптау комиссиясының құрамына бір реттен артық ұсыныла алмайды. ҮЕҰ-ның алдында ұсынған сарапшылары қарастырылмайды.

Сараптау комиссиясының ағымдағы мүшелерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://cisc.kz/grants/457/. Берілген құрам Жоспарға кірген мемлекеттік гранттарды ұсыну саласына байланысты толық немесе ішінара өзгертілуі мүмкін.

2. Сараптау комиссиясы мүшелерінің қызметі туралы

Тәуелсіз сараптама жүргізу барысында сараптау комиссиясының мүшесі:

·      Қағиданың 36 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарды зерттейді және бағалайды;

·      Сараптау комиссиясының отырысына қатысады;

·      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының (ары қарай - Қағида) Қағиданың және басқа құқықтық-нормативтік актілердің талаптарын орындайды;

·      Әділ және бейтарап түрде шешім қабылдайды.

3. Орындау мерзімі: Орталыққа құжаттардың тәуелсіз сараптамасы және ол бойынша тұжырымдама енгізу Орталықтан ҮЕҰ-ға тапсырыс келіп түскен күннен 10 (он) жұмыс күні аралығында жүргізіледі. 

4. Сарапшыларды таңдау өлшемдері

ҮЕҰ-дан сараптау комиссиясы мүшесіне үміткерлердің құжаттарын қарастыру Орталықтың бағалау комиссиясының отырысында жүзеге асады. Ұсынылған құжаттарды бағалау кезінде мыналар есепке алынады:

1.         Жоспарға кірген мемлекеттік гранттарды ұсыну саласына сәйкес сарапшының гранттарды өткізу саласындағы біліктілігі (50%).

2.         Жоспарға кірген мемлекеттік гранттарды ұсыну саласына сәйкес гранттарды өткізу саласында жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес, растайтын құжаттарды ұсыну арқылы (30%).

3.         Байқау/іріктеу комиссияларына қатысу тәжірибесі (20%).

Сараптау комиссиясының мүшелері үміткерлердің гранттарды өткізу саласындағы тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты іріктеледі, тек мемлекеттік гранттарды ұсынудың Жоспарға кіретін салаларына сәйкес. 

5. Сараптау комиссиясына қатысуға арналған өтінім форматы

Сараптау комиссиясын қалыптастыру мақсатындағы байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.    Байқау комиссияларына қатысу тәжірибесі сипатталған түйіндеме (осындай тәжірибе бар болған жағдайда) және гранттарды өткізу саласымен байланысты жобаларға қатысу тәжірибесі, жеткен нәтижелерінің сипатымен.

2.    Гранттарды өткізу саласындағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем еместігін  растайтын құжаттар (жарияланған байқаудың гранттарының тақырыбына сәйкес саладағы жұмыс тәжірибесі (біліктілігі) көрсетілген жұмыс берушінің анықтамасы, міндетті түрде лауазымы және жұмыс істеген мерзімі көрсетілуі тиіс, еңбек кітапшасының көшірмесі, бұлар бар болған жағдайда)

3.    Ұсыныс хаттардың болуы (2-ден кем емес)


6. ҮЕҰ-дан құжаттарды қарастыру барысы

Өтініш берушінің байқауға қатысуға арналған құжаттарын expert@cisc.kz электронды поштаға жібергеннен  кейін, жүйе хатты алғанын растайтын автоматты түрдегі жауапты құрастырады.

Орталық өтініш берушінің жіберген құжаттарын сараптау комиссиясы мүшелерін іріктеу шартына сәйкес келуін қарастырғаннан кейін, қатысушылар оның нәтижесі туралы  құжаттарда көрсетілген электронды мекенжай бойынша хабардар етіледі.

Сараптау комиссиясының бекітілген құрамы орталықтың ресми сайтында www.cisc.kz жарияланады,  мемлекеттік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну байқауы туралы хабарландыру жарияланған күннен 5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде.

7. Мекенжайы және байланыс ақпараты

Құжаттарды expert@cisc.kz e-mail-ге хат тақырыбында «Сараптау комиссиясының жұмысына қатысу»  белгісімен  2017 жылдың 14 тамыз күні сағ.18.00-ге дейін (Астана қ. уақытымен) жіберу қажет. Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған құжаттар, толық жинақталмаған құжаттар бағалау комиссиясымен қарастыру үшін қабылданбайды.

Қосымша ақпарат пен түсініктемелер үшін Орталыққа келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 7172 67 81 88, 8778 364-84-166 (Мадина Каримова)

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды