Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

"Балалар және қоршаған орта жағдайы" тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

13.10.2017

Жоба атауы: Балалар және қоршаған орта жағдайы
Грант иегерінің атауы:    «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры
Грант атауы: Балалар және қоршаған орта жағдайы  ( Қоршаған ортаның балалар ауруына қатысының жай-күйін бағалау)  
Грант бағыты: Қоршаған ортаны қорғау
Жобаның мақсаты:
Елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық денсаулықты нығайту, эко-білім беру және қоршаған ортаны қорғау туралы білім беру және ақпараттық іс-әрекеттер арқылы бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру
Жобаның міндеттері:  
1.    Елдiң әртүрлi өңiрлерiнде тұратын балалардың денсаулығына терiс әсер ететiн экологиялық факторларды анықтау;
2.    Қалалық / ауылдық топырақтың ластануының негізгі себептерін және осы үдерістің салдарын қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесін құру және мониторинг жүргізу;
3.    Республика балаларының денсаулық  динамикасына экологиялық факторлардың әсерін анықтау;
4.    Қоршаған орта жағдайын жақсарту, сондай-ақ балалардың денсаулығын бағалау үшін зерттеу  әдістерін әзірлеу;
5.    Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, медициналық мекемелердің және т.б. мекемелердің ұсыныстарын әзірлеу. Қоғамдық ғылыми брошюраларды, жарнамалық өнімдерді   шығарып, іс-шаралардың материалдарың серіктес  ұйымдардың веб-сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және webinar бөлмелерінде орналастыру.
Жобаның бюджеті: 10 000 000 теңге.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір-31 қазан, 2017 жыл.
Ағымдағы жағдайы:
Қазіргі кезде жоба Қазақстан Республикасындағы балабақшаға, оның ішінде туа біткен ауруларға қатысты қоршаған ортаның жай-күйін бағалау бойынша зерттеу жүргізілуде.
Зерттеу Ақмола, ШҚО, БҚО, ОҚО, Қызылорда облыстарында жүзеге асып жатыр. Осы зерттеудің нәтижелері  жоба шеңберінде «Қоршаған ортаны демографиялық және халықтың денсаулығына әсері» соңғы брошюрасына енгізіледі.
Аралық нәтижелері:
•    бұқаралық ақпарат құралдарында жобаның орындалу барысын қамту үшін медиа-жоспар әзірленді;
•    Жобаның басталуы туралы мақсатты топтарға хабарлау мақсатында Қазақстан Республикасының  Көкшетау, Шымкент, Семей, Астана, Қызылорда қалаларының 5 телеарнасының  «тікелей желісі»  арқылы жұмыс жүргізілді;
•     2017 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында жобаның басталуына арналған баспасөз-конференциясы өткізілді;
•     2017 жылы 21 сәуірде «Экологиялық проблемалардың қазіргі заман балаларының  денсаулығына әсері» атты семинары Көкшетау қаласында  ұйымдастырылды;
•     2017 жылдың 16-18 мамырында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері мен қызметкерлері және № 89 лицей мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысуымен үш күндік оқыту семинары өткізілді;
•     Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.К. Хаменованың қатысуымен 2017 жылдың 5 маусымында «Қоршаған ортаның балалардың денсаулығына әсері. Жалпы шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
•     2017 жылдың 4 тамызында Қызылорда қаласының студенттер сарайында мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тартуымен, «Таза экология - балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті;
•     2017 жылдың 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында, Абай атындағы облыстық кітапхана базасында, аймақтық ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың,  білім беру мекемелердің, медицина мекемелерінің және т.б.  мүдделі ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен «XXI-ғасырдағы экологиялық білім беру және тәрбиелеу: қоршаған ортаның ластануының балалардың денсаулығына әсері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Байланыс ақпараты: «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры, Астана қаласы,   Республика даңғылы, 43а , к . 45- пәтер. Телефон +7(7172) 57 43 68

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды