Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін конкурс жүргізу туралы жариялайды
Жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында осы айдың 26-28 күндері «Құқығым бар» тақырыбында семинар-тренинг өткізгелі жатыр
Ақмола облысы Арнасай ауылында «Болашаққа қадам» атты бизнес жобалардың байқауы өтіп жатыр. Оған қатысуға еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық өтініш түскен. Соның ішінен 30-ы ақтық кезеңге шықты. Бүгін олар өз идеяларын комиссия мүшелерінің алдында қорғады.
17.08.2017
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттарды беруге үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдеріне тәуелсіз сараптама жүргізу мақсатында сараптамалық комиссия құрамын жасақтады.
Сараптамалық комиссияның мүшелері үкіметтік емес ұйымдар мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдерінен қалыптастырылады. Бұл ретте сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы санынан 30 % өкілдері оператормен, ал 70%-ы үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады.
Мемлекеттік гранттарды беру бойынша қосымша конкурстың сараптамалық комиссия құрамы:
1. Сараптамалық комиссия төрағасы – С.Т.Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
2. Сараптамалық комиссия төрағасының орынбасары – М.Т.Ерман, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
3. Сараптамалық комиссия мүшесі – А.Т.Айтқазин, «Зерттеулер мен консалтинг орталығы» ҚБ
4. Сараптамалық комиссия мүшесі – С.А.Богатырев, «Қостанай облысы медиаторларының қауымдастығы» ҚҚ президенті
5. Сараптамалық комиссия мүшесі – Қ.Ә.Әуесбай, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті
6. Сараптамалық комиссия мүшесі – Е.А.Мұхамеджан, Atameken Business Channel бағдарламаларының жетекшісі
7. Сараптамалық комиссия мүшесі – А.Қ.Райқұл, «Айбын» журналы мен «Сарбаз» газетінің шолушысы
8. Сараптамалық комиссия мүшесі – Ж.Н.Қалиев, «Мемлекет тарихының институты» ММ бөлім басшысы
9. Сараптамалық комиссия мүшесі – Г.О.Рахманова, «Ақжол» газетінің шолушысы
10. Сараптамалық комиссия хатшысы (дауыс беру құқығы жоқ) – М.С.Абулова, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ конкурсқа қатысушылардың бәріне алғыс білдіреді және алдағы қызметте табыс тілейді.