Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мақсатында медиация институтын пайдалану» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

«Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мақсатында медиация институтын пайдалану» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

14.04.2017

«Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мақсатында медиация институтын пайдалану»

Грант алушы: «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі

Грант сомасы: 25 521 265 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл


«Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау мақсатында медиация институтын пайдалану» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Грант аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

 

1. Құқық және медиация орталықтарын ашу және олардың қызметі

Жоба басталғаннан кейін барлық облыстарда және Алматы мен Астана қалаларында 16 Медиация және құқық орталығы ашылып, жұмыс істеді, бұл жерде 16 білікті заңгер мен 16 медиатор халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік көмек көрсетті және медиация шараларын өткізді.
Жобаның 2 айы ішінде Орталық заңгерлері 849 адамды қабылдап, кеңес берді, одан бөлек 749 азаматқа телефон арқылы заңгерлік кеңес берілді, олардың өтініштері бойынша 347 құжат (мемлекеттік, сот, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарға талап, арыз, өтініш, сұраныс, хат) әзірленді. Орталық медиаторлары медиация бойынша 1299 адамды қабылдап, кеңес берді, медиация жүргізу туралы 490 өтініш қабылданды, медиацияға жүгіну туралы тараптарға 359 ұсыныс жіберілді, 394 медиация рәсімі жүргізілді, оның 365-і татуласумен аяқталды.

2. Ақпараттандыру жұмысы және медиацияны дамыту

Жоба басынан бері Орталық медиацияның әлеуметтік мәселелерді шешуге қалай көмектесетіндігін кеңінен жариялап келеді. Халықаралық құқық қорғау орталығының сайтында осы жоба туралы арнайы тарау ашылды, заңгерлер мен медиаторлар өзекті тұрғын-үй мәселелері бойынша теледидардан кеңес берді, аймақтарда дөңгелек үстелдер мен баспасөз конференциялары ұйымдастырылды. Таратылатын материалдар әзірленді, медиация туралы әлеуметтік ролик түсіріліп, желіде жарияланды https://www.youtube.com/watch?v=ZNC9h9a4LSg 


3. Әр облыста және Астана мен Алматы қалаларында үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру

Бүкіл ҚР облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 320 үкіметтік емес ұйыммен 16 кездесу мен дөңгелек үстел өткізілді. Барлық дөңгелек үстелге үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы, сот, құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, білім беру, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан халқының ассамблеясы секретариаттарының өкілдері, этномәдени орталықтардың жетекшілері, партия өкілдері қатысты. Барлық шаралар мүмкіндіктері шектеулі адамдар, зейнеткерлер, девиантты жеткіншектердің мәселелері, дауларды шешуде медиация қолдану секілді көтерілген әлеуметтік мәселелерді шешуге ұсынымдар әзірлеумен аяқталды. Ұсақ қылмыстық теріс қылық пен іс, мысалы: жеңіл дене жарақатын келтіру, отбасы істері, атап айтқанда неке бұзу, т.б. бойынша міндетті түрде медиация қолдану жөнінде кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар ұсынылды.

Жоба соңында ынтымақтастық, тұрақты диалог алаңдарын құру және татуластыру рәсімдері мен медиацияны дамыту туралы облыстық соттар, әкімдіктер, ІІБ, «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан», білім беру басқармалары және үкіметтік емес ұйымдармен 25 меморандумға қол қойылды.

4. Кәсіпқой емес медиаторлар үшін 16 оқыту семинары мен 4 курс өткізу

Жобаның басынан бері Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,   Алматы, Жамбыл облыстарының кәсіпқой емес медиаторлары үшін 16 семинар өткізілді. Семинарларда Қазақстанның барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан кәсіпқой емес 426 медиатор оқу курсынан өтті.

Бүкіл семинарды өткізу үшін практикалық медиация құралдары мен нормативті-құқықтық актілері бар қысқаша Жалпы медиация курсын қамтитын ортақ бағдарлама әзірленді.
Әр семинардың ұзақтығы 8 академиялық сағатты құрады, жалпы алғанда жобаның бапкер медиаторлары 128 академиялық сағат оқу курсын өткізді.
Үстіміздегі жылдың 20 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында жобаның бапкер медиаторлары кәсіпқой медиаторлар даярлау бойынша 4 оқыту курсын өткізіп, қоғамдық ұйымдар мен «Қоғамдық келісім» КММ-ның 60 басшысы мен қызметкері сертификаттаудан өтті.
Әр курстың ұзақтығы 50 академиялық сағат немесе 5 күнді құрады. Курсқа қатысушылардың барлығына бапкерлер әзірлеген, медиацияның теориялық және практикалық негізін, медиатор құжаттарының үлгілері мен медиация бойынша қолданыстағы заңнаманы қамтитын әдістемелік құралдар таратылды.

Жоба нәтижелері:

- Ынтымақтастық, тұрақты диалог алаңдарын құру және татуластыру рәсімдері мен медиацияны дамыту туралы облыстық соттар, әкімдіктер, ІІБ, «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан», білім беру басқармалары және үкіметтік емес ұйымдармен 25 меморандумға қол қойылды
- Кәсіпқой медиаторлар даярлау бойынша 4 оқыту курсы өткізіліп, қоғамдық ұйымдар мен «Қоғамдық келісім» КММ-ның 60 басшысы мен қызметкері сертификаттаудан өтті, сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан кәсіпқой емес 426 медиатор оқытылған 16 семинар өткізілді
- Оқыту қорытындысы бойынша жоба аясында оқытудан өткен Қазақстанның кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторларының картасы жасалды. Курстар мен семинарларға қатысушыларды Қазақстанның барлық облысындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуге медиатор ретінде тартуға болады

 

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды