Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«Қазақстанның шығармашылық бірлестіктерін дамытуға жағдай жасау» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

14.04.2017

«Қазақстанның шығармашылық бірлестіктерін дамытуға жағдай жасау» тақырыбы бойынша грантты жүзеге асыру қорытындысы

Грант алушы: «Лидер» мәдени бастамаларды дамыту қоры» жеке қоры

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл

Грант сомасы: 25 000 000 теңге

«Лидер» жеке қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 25 000 000 теңге көлеміндегі «Қазақстанның шығармашылық бірлестіктерін дамытуға жағдай жасау» мемлекеттік грантының иегері атанды. Жоба мақсаты: Мәдени саясат тұжырымдамасының басымдылықтарын дамытуға шығармашылық бірлестіктердің әлеуетін жұмылдыру.
Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: мәдениет саласындағы өзекті мәселелер мен Қазақстан Республикасының Мәдени саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудағы аралық нәтижелерді анықтау бойынша социологиялық пікіртерім; VI Халықаралық скрипкашылар конкурсы; Халықаралық арт-дизайн көрмесі; композитор Балнұр Қыдырбектің «КӨК БАЙРАҒЫМ, ЖЕЛБІРЕ» CD-дискісінің презентациясы; қазақстандық ақындардың «Тәуелсіздік – тірегім» атты өлеңдер жинағының презентациясы; Шығармашылық одақтарының стратегиясы мен кешенді даму жоспарын әзірлеу; «Қазақстан Республикасы мәдени саясатының стратегиялық басымдылықтары және шығармашылық одақтарын дамыту»; шығармашылық одақтарының қызметі туралы әлеуметтік роликтер жасау; Қазақстанның шығармашылық бірлестіктерін дамыту саласындағы бірінші кезектегі міндеттерді қалыптастыру мақсатында зерттеулер жүргізу; «Астана – Еуразияның жүрегі» көрмесі; «Кең дала» республикалық ашық қазақстандық кәдесый конкурсы.

1. Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер мен Қазақстан Республикасының Мәдени саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудағы аралық нәтижелерді анықтау бойынша социологиялық пікіртерім
Қазақстан Республикасындағы мәдени саясаттың жағдайы мен дамуын бағалау мақсатында «Лидер» мәдени бастамаларды дамыту қоры» жеке қоры Қазақстанның 16 аймағында мәдениет саласындағы өзекті мәселелер мен Қазақстан Республикасының Мәдени саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудағы аралық нәтижелерді анықтау бойынша социологиялық пікіртерім өткізді. Пікіртерімге 18 жастан асқан 1200 жауап беруші қатысты. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде саланың ағымдағы жағдайын, оның проблемалары мен келешектегі ықтимал перспективаларын халықтың негізгі қабылдау параметрлері зерделенді. Алынған деректерге сәйкес елдің мәдениет саласында қалыптасқан жағдайға қазақстандықтардың 91,3%-ы, оның ішінде 43,5%-ы «жақсы», ал 47,8%-ы «жақсы деуге тұрарлық» оң баға береді.

LN1A2944.JPG

2. VI Халықаралық скрипкашылар конкурсы
2016 жылдың 26-31 қазаны аралығында «Лидер» мәдени бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының қатысуымен Астанада VI Халықаралық скрипкашылар конкурсы өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 40 жас скрипкашы қатысты. Халықаралық қазылар алқасы құрамына Ресей, Италия, Сингапур, Вьетнам, Корея, АҚШ, Германия, Грузия және басқа да елдерден келген көрнекті музыканттар кірді. Музыка мектебінің оқытушысы Мақсат Жүсіпов конкурс жеңімпазы атанып, Temple университетінде халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар конкурс аясында Виктор Третьяков, Лиана Исакадзе, Дмитрий Берлинский, Владимир Иванов, Айман Мұсаходжаева, Наталья Лихопой, Валерий Ворона секілді танымал орындаушылардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.

3. Халықаралық арт-дизайн көрмесі
2016 жылдың 14 қарашасында Тұңғыш Президент мұражайында «Лидер» мәдени бастамаларды дамыту қоры» жеке қоры, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Еуразия дизайнерлері одағының Халықаралық арт-дизайн көрмесі өтті.
Көрмеге Польша Республикасы мен Украина Республикасы елшіліктерінің өкілдері Анджей Бобер мен Петр Токарь, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков және Еуразия дизайнерлері одағының мүшелері қатысты.
Қазақстан мен жақын шетел дизайнерлерінің жұмыстары үш бағыт бойынша ұсынылды: сәулет саласындағы дизайн, костюм дизайны, этнодизайн және графикалық дизайн.

без имени-95 (1).jpg

4. Композитор Балнұр Қыдырбектің «КӨК БАЙРАҒЫМ, ЖЕЛБІРЕ» CD-дискісінің презентациясы
Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау шеңберінде 2016 жылдың 18 қарашасында Алматы қаласында композитор Балнұр Қыдырбектің «КӨК БАЙРАҒЫМ, ЖЕЛБІРЕ» CD-дискісінің презентациясы өтті.
Балнұр Қыдырбек – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 500-ден астам музыкалық туындының авторы. СD-дискке қазақ халық аспаптарының оркестріне арналған патриоттық шығармалар енді. Дискке Құрмангазы, Шоған абыз, Майқы секілді тарихи тұлғаларға арналған «Бөрілі менің байрағым», «Серіктес» күйлері, дивертисменттер, «Ұяғаржан, жердің салқын-ай» композициясы енді. Бағдарлама Талдықорған қаласының Концерт орталығының оркестрімен жазылды. Дирижер – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов.

5. Қазақстандық ақындардың «Тәуелсіздік – тірегім» атты өлеңдер жинағының презентациясы
«Тәуелсіздік – тірегім» өлеңдер жинағы – еліміздің тарихын жаңадан танытатын жазушылардың заманауи диалогы. Оған Несіпбек Айтұлы, Марфуға Айтхожина, Дихан Әділев, Сәкен Иманасов, Мақпал Мыса және тағы да басқа 100-ден астам ақынның шығармалары енді. Жинақ 1000 дана тиражбен шығарылды және аймақтық кітапханаларға таратылатын болады.

LN1A3156.JPG

6. Шығармашылық одақтарының стратегиясы мен кешенді даму жоспарын әзірлеу
Шығармашылық ұжымдарын әрі қарай дамыту мақсатында «Лидер» мәдени бастамаларды дамыту қоры» жеке қоры «Лидер» қорының сарапшыларының қатысуымен Қазақстан шығармашылық одақтарының стратегиясы мен кешенді даму жоспарын әзірледі. Бұл құжат ағымдағы жағдайды талдау, республикалық және аймақтық деңгейдегі шығармашылық одақтарының проблемалары, кәсіпқой шығармашылық бірлестіктерін дамыту және қаржыландыру модельдеріне халықаралық шолу, оның ішінде АҚШ, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Нидерланды және Финляндия секілді елдердің тәжірибелерін қамтиды.
Кешенді жоспар екі кезеңмен жүзеге асырылады: 2016 жылы бірінші кезең шығармашылық одақтарының институционалдық даму механизмдерін бейімдеу жөніндегі нақты қадамдарды көздейді, олардың көпшілігі 2016 жылы жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан Республикасындағы шығармашылық одақтарын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асырудың екінші кезеңінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін дамыту мәселесі егжей-тегжейлі зерделенеді және жеке салаларды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді: кинематография, бейнелеу өнері, дизайн, әдебиет, театр және хореография өнері.


7. Шығармашылық одақтарының қызметі туралы әлеуметтік роликтер жасау
Грантты жүзеге асыру аясында шығармашылық ұжымдардың қызметі туралы әлеуметтік роликтер жасалды.



8. «Астана – Еуразияның жүрегі» көрмесі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде Астана қаласы Суретшілер одағының галереясында вернисаж өткізілді. Суретшілер одағының астаналық филиалының бір топ суретшісі «Астана – Еуразияның жүрегі» көрмесін ашты. Көрмеге мәдениет пен өнер саласындағы көрнекті қайраткерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, шығармашылық және ғылым зиялылары қатысты. Көрменің басты тақырыбы – республиканың саяси және мәдени орталығының көркем бейнесі. Астананың әртүрлі жыл мезгілі мен уақыттағы қалалық пейзаждары, әкімшілік аудандары, өзен жағалаулары немесе уақытпен алыстап бара жатқан Целиноград көшелері суретшілерге әсер етіп, кенеп бетіне түскеннен кейін қазіргі Қазақстан тарихының жылнамасындағы көркем парақшаға айналады.

SMK_2741.jpg

9. «Кең дала» республикалық ашық қазақстандық кәдесый конкурсы
Халқымыздың ұлттық дәстүрлері, рухани-мәдени құндылықтарына деген қызығушылықты қайта ояту, Қазақстанды шетелде танытатын кәдейсый өнімдері арасында ұлттық және мемлекеттік рәміздердің мәртебесін жоғарылату мақсатында Қазақстан дизайнерлерінің одағы «Кең дала» қазақстандық кәдесый конкурсын ұйымдастырды. Конкурс 4 номинация бойынша өтті: графикалық дизайн, заттық дизайн, кеңістікті дизайн және зерттеулер.
Бір ай ішінде ұйымдастыру комитеті еліміздегі суретшілер, дизайнерлер мен қолөнершілерден ең үздік кәдесый өніміне өтініштер қабылдады. Ал көрме мен конкурс жеңімпаздарын марапаттау осы жұмыстың қорытындысы болды. Қазылар алқасына алуан түрлі бұйымдар: шағын домбыра, боксшы қолғабы түріндегі ысқырғыш, кәдесый шахмат, жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, түрлі заттарға арналған қапшықтар, т.б. ұсынылды.
Конкурс жеңімпаздары:
1-орын: Қалдыбек Сапаров
2-орын: Арман Баймұратов
3-орын: Құрманғазы Қадыров




DSC_7925.JPG

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды