Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«Қазақстандық сәйкестік пен этносаралық келісімді нығайту және қоғамның тіл мәдениеті деңгейін жоғарылату» грантын жүзеге асыру қорытындысы

13.04.2017

«Қазақстандық сәйкестік пен этносаралық келісімді нығайту және қоғамның тіл мәдениеті деңгейін жоғарылату»

 Грант алушы: «Қазақстан халқы ассамблеясының қоры» ҚҚ

 Грант сомасы: 14 500 000 теңге

 Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл

 «Қазақстан халқы ассамблеясының қоры» ҚҚ «Қазақстандық сәйкестік пен этносаралық келісімді нығайту және қоғамның тіл мәдениеті деңгейін жоғарылату» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грант иегері атанды. Жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: «Біздің күшіміз – бірлікте» республикалық науқаны, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дамыту бойынша лекторий, үш әлеуметтік бейнеролик әзірленді, «Жалпы ұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайту факторларын зерделеу жөніндегі қазақстандық тәжірибе мен әлемдік практиканы зерттеу және талдау жүргізу» тақырыбында социологиялық зерттеу жүргізілді.

 

1.     «Біздің күшіміз – бірлікте» республикалық науқаны        

2016 жылдың 30 қазанында «Қазмедиа орталығы» (киноконцерт залы) ғимаратында барлық Қазақстан аймақтарындағы этномәдени орталықтардың әлеуетін біріктіру арқылы «Біздің күшіміз – бірлікте» республикалық науқаны өтті. Іс-шараға жалпы 613 адам қатысты. «Қазмедиа орталығының» көрме залында халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке жұмыс істеді. Көрмеде Қазақстан халқының сан алуан мәдениеті, табиғи материалдардан қолдан жасалған бұйымдар ұсынылды. Халық шығармашылығының көрме-жәрмеңкесінде 200 адам киіз және терімен жұмыс жасау, ағаш, металл және тері бедерлеу, зергерлік бұйымдар мен қыш құмыра  жасау бойынша тегін шеберлік дәрістерін алды. Қазақстан Республикасының 16 этномәдени орталығының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама арқылы халыққа ұлттық мәдениеттің сан алуандығын көрсетті. «Біздің күшіміз – бірлікте» республикалық науқаны патриотизм сезімін қалыптастыру және дамытуға, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге деген ықыласты көзқарас пен құрмет қалыптастыруға, қолөнер дәстүрлерін насихаттау және сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның этномәдени орталықтарының әлеуетін көрсетуге бағытталған.

 

2.     «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дамыту бойынша лекторий    

2016 жылдың 15 қарашасында «Қазмедиа орталығы» (мәжіліс залы, 21-қабат) ғимаратында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын дамыту бойынша лекторий өтті. Лекторийге 74 адам қатысты. Лекторий мақсаты қазақстандық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделінің бірегей тәжірибесін насихаттау. Нәтижесінде «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің буклеті шығарылды.

3.      Әлеуметтік бейнероликтер

Youtube әлеуметтік желісінде халқымыздың бірлігін насихаттайтын 3 бейнеролик: «Біздің күшіміз – бірлікте», «В единстве - наша сила», ҚХА. «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» қойылған.

https://www.youtube.com/watch?v=4Jt0hQWb0FQ

4.      «Жалпыұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайту факторларын зерделеу жөніндегі қазақстандық тәжірибе мен әлемдік практиканы зерттеу және талдау жүргізу» тақырыбында социологиялық зерттеу

Ұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайтудағы қазақстандық және әлемдік тәжірибе зерттелді, нормативтік-құқықтық базаға сараптама және жалпыұлттық сәйкестікті нығайту саласындағы бағдарламалар мен жобаларға бағалау жүргізілді. Екі социологиялық құрал: көпшілікке арналған сауалнама (SurveyMonkey) мен сараптамалық сауалнама әзірленді. Қараша айы ішінде Қазақстанның  16 аймағында 1591 адам сұралды. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпыұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайту саласындағы саясаттың жағдайы мен даму перспективалары туралы есеп пен ұсынымдар дайындалды, зерттеу нәтижелері ұсынылған дөңгелек үстел өткізілді. Презентацияны әлеуметтану ғылымдарының кандидаты А.К.Есенғалиева, филолог М.К.Байсалбаева мен заңгер Г.Г.Оспанова құрамындағы зерттеу тобы өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің ғалымдары – әлеуметтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты З.Т.Әбетова мен шығыстану кафедрасы профессорының міндетін атқарушы, тарих ғылымдарының кандидаты З.С.Ілиясова, Қазақстан халқы ассамблеясы қорының қызметкерлері болды.

 

5.     Жетекші тіл орталықтары мен жексенбілік мектептердің ортақ деректер базасын құру

Тіл үйрену орталықтары, Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын жексенбілік мектептер, репетитор педагогтар, мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі авторлық әдістемелер туралы ақпаратты қамтитын http://tilorda.kz/ динамикалық веб-парақша түріндегі динамикалық онлайн алаң әзірленіп, іске қосылды.

 

6.     Динамикалық веб-парақша түріндегі динамикалық онлайн алаң құру

Жетекші тіл орталықтары мен жексенбілік мектептердің ортақ деректер базасы үшін материалдар жиналып, http://tilorda.kz/ сайтында жарияланды. Материал жинау мақсатында барлық аймақтық Тілдерді дамыту басқармаларына ҚР аумағында жұмыс жасайтын жексенбілік мектептер, жетекші тіл орталықтары мен авторлық әдістемелер бойынша жұмыс жасайтын әдіскерлер туралы ақпарат алу үшін хаттар жіберілді.

 

7.     2 топта тегін тіл курстарын ашу

«Қазақстан халқы ассамблеясы қоры» қоғамдық қорының Астана филиалы – «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологияларының әдістемелік орталығы «Тілдарын» қарқынды оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын тегін курстар ашып, екі топта екі ай курс жүргізді. Тыңдаушылар саны – 24 адам.

 

8.     «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес көп тілді қоғам қалыптастыруда тілдерді инновациялық оқыту әдістері мен нысандары»

2016 жылдың 29 қарашасында «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес көп тілді қоғам қалыптастыруда тілдерді инновациялық оқыту әдістері мен нысандары» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар мемлекеттік тілдің функционалдық саласын зерттеу және кеңейту, Қазақстан Республикасында тұратын этностардың ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға және жұмыс тәжірибесімен бөлісуге септігін тигізді.

Міндеттер:

- Қазақстан Республикасының көп тілді кеңістігінде мемлекеттік және ана тілдерді оқытудағы негізгі проблемаларды қарастыру;

- көп тілді білім беру саласындағы жаңа тәсілдер және әдістермен танысу; мемлекеттік тілдің функционалдық саласын зерттеу және кеңейту, Қазақстан Республикасында тұратын этностардың ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу және жұмыс тәжірибесімен бөлісу; мемлекеттік және ана тілдерді оқыту жөніндегі авторлық әдістемелер, оқу құралдары мен сөздікшелер ұсыну.

Семинар жұмысына мемлекеттік тіл саясатының мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, тіл орталықтарының басшылары, жетекші әдіскерлер, тіл пәндерінің оқытушылары қатысты. Жалпы семинар жұмысына 51 адам қатысты.

Жоба нәтижелері:

-          Жобаны жүзеге асыру аясында ҚХА қорының қызметкерлері ауқымды деректер базасын құрды және ҚР аймақтарындағы көптеген тіл орталықтары және жексенбілік мектептермен байланыс орнатты. Жетекші тіл орталықтары, жексенбілік мектептер, қазақ, орыс, ағылшын және ҚР аумағында тұратын этникалық топтардың ана тілдері бойынша ең үздік репетиторлар туралы деректер базасын жүйелендіріп, олардың халықпен өзара іс-қимылын онлайн технологиялар арқылы біріктіру мүмкін болды.

-         Социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша жалпыұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайту саласындағы саясат жағдайы мен даму перспективалары туралы тұжырымдар мен ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылды. Көрсетілген ұсынымдарды қолдану жалпыұлттық сәйкестік пен бірлікті нығайту саласындағы жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

-         Патриотизм сезімін қалыптастыру және дамытуға, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге деген ықыласты көзқарас пен құрмет қалыптастыруға, қолөнер дәстүрлерін насихаттау және сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның этномәдени орталықтарының әлеуетін көрсетуге септігін тигізу.

 

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды