Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«Қазақстанда гендерлік теңдікті дамыту» грантын жүзеге асыру қорытындысы

14.04.2017

«Қазақстанда гендерлік теңдікті дамыту» грантын жүзеге асыру қорытындысы

Грант алушы: «Қазақстанның іскер әйелдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы (республикалық мәртебе)

Грант сомасы: 8 799 040 теңге

Жүзеге асыру мерзімі: 20 қыркүйек – 7 желтоқсан 2016 жыл

 «Қазақстанның іскер әйелдерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы (республикалық мәртебе) «Қазақстандағы гендерлік саясат: «2006-2020 жж. арналған ҚР гендерлік теңдік стратегиясын» кешенді зерттеу» жобасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынының грант иегері атанды. Грант аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: гендерлік саясатпен байланысты сұрақтар бойынша социологиялық пікіртерім, отбасы-тұрмыстық қатынастар жөнінде жас отбасылар мен әйелдерге онлайн кеңес беру, әйел көшбасшылығы мектептерінде оқыту, «Әйелдердің сайланбалы жетекші лауазымдардағы өкілдігі мен олардың саяси ілгерілеуі жөнінде анықтамалық» жарияланды.

1) Социологиялық пікіртерім

«2006-2020 жж. арналған ҚР гендерлік теңдік стратегиясының» барлық тарауларын кешенді зерттеу әлеуметтік жобаның алғашқы бөлімінің басты нәтижесі болып табылады. Халықтың Баңдарламалық құжат туралы хабардарлық деңгейі, Қазақстан халқының гендер, гендерлік саясат, гендерлік теңдік, әйелдердің мәртебесі мен проблемаларына қатысты түсініктері мен бағдарларының деңгейі анықталды. Бұл ретте сарапшылардың қолдауымен оларды жаңа бағдарламалық құжатқа енгізу үшін ұсынымдар әзірленді.

 

2) Онлайн кеңес беру

Жобаның екінші бөліміне сәйкес онлайн кеңес беру Қазақстан азаматтарының, атап айтқанда жастардың отбасы-тұрмыстық қатынастар мәселелері бойынша хабардарлығының артуына септігін тигізді. Жанұядағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау осы жобаның басты әлеуметтік нәтижесі болып табылады. Жас жұбайлар, атап айтқанда әйелдер психологтардың кәсіби кеңесін алды. Нысаналы топ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілері мен түрлері туралы білді. Адамдарға зорлық-зомбылықтардың бар екендігін, қысылтаяң жағдаяттарда қайдан және қалай көмек алуға болатындығын түсінуге көмектесетін «Зорлық-зомбылықсыз жанұя» тақырыбындағы брошюралар мен плакаттар әзірленді. Брошюралар мен плакаттар ел ішіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары, дағдарыс орталықтары, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталықтары, кітапханалар мен т.б. орындарда таратылды.

 

3) Әйел көшбасшылығы мектептерінде оқыту

Қазақстанның 14 аймағында Саясаткер әйелдер клубының жұмысы жанданды, олардың жанында әйел көшбасшылығы мектептері жұмыс істейді. Әйелдерді анықтау және оларды саяси көшбасшылыққа үйрету жобаның нысаналы тобы үшін әлеуметтік нәтиже болып табылады. Сөйлеу шеберлігі, басқару, сыни ойлау және саяси науқан өткізуге үйрету ел аймақтарындағы көшбасшы әйелдердің білімі мен мүмкіндіктерін кеңейтті.

 

4) Әйелдердің сайланбалы жетекші лауазымдардағы өкілдігі мен олардың саяси ілгерілеуі жөнінде анықтамалық басып шығару


ҚР Өкілдік атқарушы билік органдарында, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер құрамында әйелдердің өкілдігі жөнінде анықтамалық әзірлеу де жобаның басты нәтижесі болып табылады. Бұл анықтамалық – осы сипаттағы статистикалық деректерді біріктіретін тұңғыш құжат. Шығарылымы – 100 дана.
Жоба нәтижелері:
- «2006-2020 жж. арналған ҚР гендерлік теңдік стратегиясының» барлық тарауларына кешенді зерттеу жүргізілді
- Нысаналы топтар (жас жұбайлар, атап айтқанда әйелдер) психологтардың кәсіби кеңесін алу арқылы жанұядағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау туралы хабардар болды
- Бір топ әйелдер сөйлеу шеберлігі, басқару, сыни ойлау және саяси науқан өткізуді үйренді, бұл ел аймақтарындағы көшбасшы әйелдердің білімі мен мүмкіндіктерін кеңейтті
- 2006-2016 жж. аралығында гендерлік саясатты жүзеге асыруды бағалау нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленіп, 2030 жылға дейінгі гендерлік және жанұялық-демографиялық саясат жөніндегі жаңа Бағдарламалық құжатқа енгізуге ұсынылды
- Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға практикалық ұсынымдар әзірленді
Жобаның тұрақтылығы: Астана қаласындағы Еуразия практикалық психология және психотерапия институтының қызығушылық танытуына байланысты бұл жоба бойынша онлайн кеңес беру ЕПППИ есебінен жалғасын табады.
Саясаткер әйелдер клубының жұмысы аймақтық ҚІӘҚ филиалдарының қызметі аясында қоғамдық негіздерде жүзеге асырылатын болады.

 

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды