Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БОЙЫНША ҮШІНШІ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12.07.2017

30 маусымда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АБҚО) мемлекеттік гранттар конкурсының сараптамалық комиссиясының отырысы өтті, оның аясында 71 үкіметтік емес ұйымнан 18 грант тақырыбы бойынша ұсынылған 93 өтініш қаралды.

Қарау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия қорытынды шығарып, ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру операторы ретінде АБҚО-ға 16 тақырып бойынша ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттарды беруді ұсынды, 2 тақырып төмен өтініш деңгейіне байланысты кері қайтарылды. №13 «Қазақстанда еңбек құқығының іске асырылуына мониторинг жүргізу» тақырыбы бойынша ҮЕҰ-лардан өтініш түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес АБҚО мемлекеттік гранттарды беруге комиссия ұсынған өтініштерді  7 жұмыс куні ішінде шығындардың негіздемелері мен гранттардың бағытына сәйкестігі тұрғысынан қарады.

Қарау қорытындысында АБҚО сарапшылар ұсынған 16 өтініштің 14-ін бекітті.

Екі өтініш гранттар беру жоспарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды.

Нәтижесінде 14 ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттер гранттар бойынша үшінші конкурстың нәтижелері төменде берілген:

1. Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау – «Белсенді жастар» қоғамдық бірлестігі, 13 304 000 теңге

2. Жастарды әлеуметтік қолдау  және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық мониторингті жүзеге асыру – «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі,  9 633 000 теңге

3. Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және  дамыту бойынша әлеуметтік қызметті (жалпыұлттық жоба) әзірлеу және іске асыру – «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық бірлестігі, 7 978 000 теңге

4. Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша   іс-шаралар – «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, 2 000 000 теңге

5. Бала және отбасы «SOS:  Алматы балалар қалашығы» мемлекеттік емес білім беру мекемесі, 6 312 600 теңге

6. Бала және оның құқығы: кемсітпеушілік, 8 000 000 теңге – өтініштің гранттар беру жоспарына сәйкес болмауына байланысты грант бермеуге шешім қабылданды

7. Азаматтық сектор қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат  құралдары мен ҮЕҰ әлеуетін арттыру – «ChangeLab» жеке қайырымдылық қоры, 9 650 000 теңге   

8. Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен КЕҰ жобаларының әсеріне мониторинг және бағалау жүргізу – «Ұлттық халықаралық даму бастамаларының институты» қоғамдық қоры, 5 000 000 теңге

9. Интернет сегментін дамыту - өтініштің гранттар беру жоспарына сәйкес болмауына байланысты грант бермеуге шешім қабылданды, 2 500 000 теңге

10. Азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіру – «Десента» қоғамдық қоры, 2 131 560 теңге

11. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу – «Антарес А» қоғамдық қоры, 2 485 260 теңге

12. Қазақстанның әскери-патриоттық мұрасы – «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық бірлестігі,

3 996 471 теңге

13. Қазақстанда еңбек құқығының іске асырылуына мониторинг жүргізу -  бұл тақырып бойынша өтініш түскен жоқ, 2 000 000 теңге

14. Азаматтарды құқықтық қорғау  және  құқықтық тәрбие – өтініштің жеткіліксіз сапасына байланысты жалғыз өтініш берушіні мемлекеттік грант алуға ұсынбауға шешім қабылданды, 5 000 000 теңге

15. Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі – «Жанашыр» қоғамдық қоры, 4 000 000 теңге

16. БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде – «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, 2 555 000 теңге

17. Заманауи қазақстандық қоғамның құнды белгілерін талдау: Қоғамдық танымды жаңаландыру тұрғысында – «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі, 4 000 000 теңге

18. Береке көзі – бірлікте – «Гуонлён» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі,                        3 871 000 теңге

19. Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау бойынша орталық жұмысын ұйымдастыру – өтініштердің төмен сапасына байланысты мемлекеттік грант алуға өтініш берушілердің ешбірін ұсынбауға шешім қабылданды, 25 000 000 теңге

 

Үнемделген барлық қаражат ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл жөніндегі өкілетті орган – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне бағытталатын болады.

Конкурсқа қатысқан барлық үкіметтік емес ұйымдар кері байланыс үшін 67-81-88, 67-81-84 телефондары арқылы, сондай-ақ info@cisc.kz электронды поштасы арқылы устіміздегі жылдың 12 тамызына дейiн АБҚО-ға хабарласа алады. 

Ең көп қойылатын сұрақтар тізімі:

2017 жылғы мемлекеттік гранттар неліктен 2016 жылы грант алған ҮЕҰ-ларға беріледі?

ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттарды беру және мониторинг жүргізу саласындағы оператор қызметі өзгерістер және толықтыруларымен бірге «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 сәуірдегі Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларымен (бұдан әрі – заңнама) реттеледі. Аталған заңнамада алдыңғы жылы мемлекеттік грантты жүзеге асырған ұйымның грант алуын шектеу қарастырылмаған.

2016 жылғы грант алушылармен шарттық міндеттер орындалды, тисінше олар 2017 жылғы конкурстарға жалпы негізде қатыса алады.

Бір ұйым неліктен бір конкурста немесе бір жыл ішінде екі грант ала алады? Осы жылы грант алған грант алушылар неліктен қайтадан қаржы алды?

Қолданыстағы заңнамада бір ұйымға берілетін мемлекеттік гранттар мөлшерін шектеу қарастырылмаған. Бұл ретте сараптамалық комиссия мен АБҚО осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіруде. Сараптамалық комиссия мен АБҚО-ның міндеті – мүмкіндігінше көбірек ҮЕҰ-лардың қызметін қаржыландыру емес, шынайы әлеуметтік өзгерістер әкелетін барынша тиімді жобаны жүзеге асыру үшін грант беру. ҮЕҰ-ның да, АБҚО-ның да көздеген мақсаты сол емес пе?

Бір ұйымға екінші грантты беру туралы шешім қабылдамастан бұрын сараптамалық комиссияның барлық мүшелері талқылау жүргізеді. Сонымен қатар жобаларды жүзеге асыру барысында АБҚО жобалардың сапасын, екі мәрте қаржыландырудың болмауын және екі және одан да көп жобаны жүзеге асыру үшін ресурстардың, оның ішінде адами ресурстардың жеткілікті болуын қадағалайды. Әдетте ҮЕҰ әртүрлі донорлардан бірнеше жобаны бір мезгілде жүзеге асырады, бұл – жалпы қабылданған тәжірибе.

Сараптамалық комиссияның мүшелерімен үлестес ұйымдар неліктен жеңімпаз атанады?

Жеңімпаздар арасындағы ұйымдардың бірі сараптамалық комиссияның мүшесімен үлестес болып табылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 33-тармағына сәйкес «...сараптамалық комиссияның төрағасы үкіметтік емес ұйым ұсынған құжаттарға тәуелсіздік сараптаманы жүргізу үшін осы үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейтін сараптамалық комиссияның мүшесін анықтамайды».

Бұл мақсатта өтініш берушілер тәуелсіз сараптамаға құжаттарды жіберместен бұрын АБҚО сараптамалық комиссия мүшелерінен мемлекеттік гранттар бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдарға үлестес болуы/болмауы туралы хабарламалар алынды және үлестес болған жағдайда сараптамалық комиссия төрағасы бір немесе бірнеше ұйымға үлестес екендігі анықталған сараптамалық комиссия мүшесін грант тақырыбы бойынша барлық ҮЕҰ құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізуге қатыстырған жоқ. Осылайша сараптамалық комиссияның үлестес мүшесі берілген грант тақырыбы бойынша өтініштерді бағалаған жоқ және шешім қабылдамады.

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды