Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін конкурс жүргізу туралы жариялайды
Жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында осы айдың 26-28 күндері «Құқығым бар» тақырыбында семинар-тренинг өткізгелі жатыр
Ақмола облысы Арнасай ауылында «Болашаққа қадам» атты бизнес жобалардың байқауы өтіп жатыр. Оған қатысуға еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық өтініш түскен. Соның ішінен 30-ы ақтық кезеңге шықты. Бүгін олар өз идеяларын комиссия мүшелерінің алдында қорғады.
20.06.2017
АБҚО мемлекеттік гранттар конкурсының аралық нәтижелерін қорытындылады
2017 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жөніндегі қосымша жоспар аясында мемлекеттік гранттарға өтініш қабылдау 30 мамырда аяқталды. Жалпы алғанда 91 үкіметтік емес ұйымнан 118 өтініш түсті.
Барлық өтініш жиналғаннан кейін 31 мамыр мен 13 маусым аралығында АБҚО қызметкерлері өтініш берушілер туралы ақпараттың ҮЕҰ деректер базасында болуы, бағыт сәйкестігі және мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін ҮЕҰ ұсынған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізді.
Өтініш берушілер туралы ақпараттың ҮЕҰ деректер базасында болуын тексеру
Деректер базасында ақпараттың болуын тексеру мақсатында конкурсқа қатысқан барлық ұйым тізімі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жіберілді. Алынған жауапқа сәйкес 118 өтініш арасынан 12 ҮЕҰ-дан келіп түскен 15 өтініш конкурсқа жіберілмеді.
Гранттар беру бағыттарына сәйкестігін тексеру
Бір ұйымнан келген 3 өтініш қабылданбады, өйткені, олар 2017 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жөніндегі қосымша жоспарда қамтылмаған бағыттар бойынша ұсынылған.
Құжаттар толықтығын тексеру
2 ұйымнан қабылданбады, өйткені, өтініштер электронды пошта арқылы ғана жіберілген, қағаз және электронды тасымалдағыштар ұсынылмаған. Өтініштердегі құжаттардың толықтығын қарау нәтижесінде АБҚО 30 ұйымнан келген 35 өтініштің толық емес көлемде ұсынылғанын анықтады. Осы ұйымдардың барлығы анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама алды. 14-16 маусым аралығында АБҚО толықтырылған өтініштермен танысып, нәтижесінде 5 ұйымнан түскен 5 өтініш анықталған сәйкессіздіктердің жойылмауы немесе қайтадан толық емес құжаттарды тапсыруға байланысты сараптау комиссиясының қарауына жіберілмеді.
Қазіргі таңда өтініштер сараптау комиссясының мүшелеріне таратылуда, олар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес өтініштерді 10 жұмыс күні ішінде қарастырады.
Сараптау комиссиясының отырысы 30 маусымда өтеді.