Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Азаматтық қоғамның дамуындағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» жобасы туралы ақпарат

«Азаматтық қоғамның дамуындағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе» жобасы туралы ақпарат

Грант бағыты: Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту
Жоба атауы: «Азаматтық қоғамның дамуындағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе»
Грант иегері: «Десента» қоғамдық қоры
Мақсаты: Қазақстан Республикасының ҮЕҰ ұсынған мәселелерді диалог алаңдарында жиі талқылауға көмектесу
Жобаның міндеттері:
    Қазақстан мен шет елдердегі ҮЕҰ-дың проблемалық тұстарын насихаттау тетіктеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау:  Варшавада (Польша) өтетін диалог алаңында Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының 2 өкілінің қатысуын қамтамасыз ету; диалог алаңдарында проблемалық тұстарды ілгерілетуде халықаралық тәжірибені зерделеу бойынша кабинеттік зерттеу жүргізу;
    Қазақстан Республикасы ҮЕҰ-мен диалогтық алаңдарда талқыланатын мәселелердің сипаттамасын көрсету арқылы олардың тізбегін анықтау: диалог алаңдарында Қазақстан Республикасының ҮЕҰ талқылайтын проблемалық тұстар бойынша әлеуметтанулық сұрау жүргізу;  Қазақстан Республикасында диалог алаңдарында талқыланған мәселелер мен Қазақстан Республикасының диалог алаңдарында ҮЕҰ өкілдері көтерген мәселелердің тізбегін қалыптастыру;
    Диалог алаңдарын ұйымдастыру арқылы мәселелік тұстарды ілгерілету механизмдерін және оны ары қарайғы апробациялауды жасау: күрделі мәселелерді көтермелеу тетігін әзірлеу, күрделі мәселелерді шешуде тиімді диалог алаңын жүргізу бойынша ҮЕҰ-ның қадамдық алгоритмін жасау; электрондық тарату және әлеуметтік желілер арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасында дамыған механизмдерді тарату және кері пікірлер мен түсініктемелерді жинау.

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды