Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Дін мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру» жобасы туралы ақпарат

«Дін мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру» жобасы туралы ақпарат

Грант бағыты: Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту
Жоба атауы: «Дін мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмысты ұйымдастыру»
Грант иегері: «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығы» мекемесі
Мақсаты: Халықтың мақсатты топтары арасында ақпараттық-насихат жұмыстарының сапасын арттыру және алдын алу жұмыстарында инновациялық тәсілдерді енгізу.
Жобаның міндеттері:
    Қарағанды, Ақмола, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарындағы барлық деңгейдегі дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме топтардың (АТТ) қызметін бақылау және талдау;
    Ақпараттық-насихат жұмыстарын жаңғырту (жетілдіру), оның ішінде АТТ-дың сапалық және сандық құрамын оңтайландыру және болашақ жұмысының бірыңғай алгоритмін әзірлеу, оның ішінде: діни мәселелер бойынша АТТ мүшелерін оқыту және қайта даярлау тұжырымдамасын әзірлеу; 40 академиялық сағат көлемімен 4 модульдің оқу жоспарларын әзірлеу; АТТ мүшесіне қойылатын типтік кәсіби талаптарды және жұмысының бірыңғай алгоритмін әзірлеу; АТТ қатысушыларын аттестаттауға арналған материалдар әзірлеу; АТТ мүшелерінің арасынан жоба бойынша білім беру қызметіне қатысу үшін топтарды қалыптастыру;
    Діни экстремизмнің алдын алу және антитеррористік сананың қалыптасуын жетілдіру мақсатында келесі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы барлық деңгейлердегі АТТ мүшелерін - білікті оқытушыларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру: Қазақстанның басқа өңірлерінен АТТ өкілдерінің қатысуымен Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Орал қалаларындағы діни мәселелер бойынша АТТ мүшелерін оқытуға және қайта даярлауға бағытталған 5 күндік курстар; Республикалық АТТ өкілдерінің қатысуымен Астана қаласындағы діни мәселелер бойынша АТТ мүшелерін оқытуға және қайта даярлауға бағытталған 2 күндік курстар өткізу;  
    Ақпаратты-әдістемелік, талдамалы-анықтамалық материалдарды әзірлеу;
    Барлық деңгейлердегі АТТ мүшелерінің жеке деректері, байланыстары, қызметінің профилі, баяндама бағыттары мен тақырыптары көрсетілген  бірыңғай электронды базасын құру.

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды