Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «2018 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруға азаматтардың  тартылу деңгейін  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуына халықтың қанағаттану деңгейін  анықтау

«2018 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруға азаматтардың тартылу деңгейін және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуына халықтың қанағаттану деңгейін анықтау

Грант бағыты: Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту
Жоба атауы: «2018 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруға азаматтардың  тартылу деңгейін  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуына халықтың қанағаттану деңгейін  анықтау мақсатында әлеуметтанушылық сауалнама жүргізу»
Грант иегері: «Жастар Үні»   жастар қоғамдық бірлестігі
Мақсаты: Аймақтарда «Туған жер» арнайы жабасының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының іске асырылуы бойынша қазіргі жағдайды талдау және өткізілген зерттеулер нәтижелері бойынша  нақты ұсыныстар әзірлеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуының қазіргі жағдайын бағалау.
Жобаның міндеттері:
    «Туған жер» арнайы жобасының іске асырылуының қазіргі жағдайына және оның елдің, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін талдау. Бұл міндет бойынша жоспарланған іс-шарлр келесідей: зерттеудің әдіснамасын және құралдарын дайындау; «Туған жер» арнайы жобасының іске асырылуының әсерін бағалау бойынша 8 фокус-топ және халықтан сауалнама алуды жүргізу; аймақтың дамуына азаматтардың, меценаттардың, ҮЕҰ өкілдерінің және еріктілердің қатысуын бағалау бойынша SWOT-талдау жүргізу; «Туған жер» арнайы жобасы аясындағы іс-шараларда , азаматтар мен бастамашыл топтардың қатысуын анықтау бойынша зерттеу, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен іске  асырылған аймақтық жобалар саны мен меценаттар мен волонтерлердің қатысуымен  іске асырылған жобалар санын анықтау;
    Әлеуметтанулық зерттеуден алынған мәліметтер негізінде «Туған жер» арнайы жобасының болашақта дамуы бойынша тұжырымдылық бағытты қалыптастыру;
    «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру кезінде жылсайынғы сандық және сапалық өзгерістерді өлшеуге мүмкіндік беретін әдісті әзірлеу;
    Елдің елді мекендерінде азаматтық белсенділік деңгейін және Әлеуметтік бастамалар картасын қолданушылар индикаторын анықтауға мүмкіндік беретін әдісті әзірлеу;
    Өткізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша талдау баяндамасын әзірлеу;
    Жоба қорытындысы туралы ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету;
    Бес бейнеролик әзірлеп, әлеуметтік желілерде тарату.

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды