Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Жастар арасындағы суицид мінез-құлықтардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы туралы ақпарат

«Жастар арасындағы суицид мінез-құлықтардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы туралы ақпарат

Грант бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
Жоба атауы: «Жастар арасындағы суицид мінез-құлықтардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу»
Грант иегері: «Павлодар облысының балалар және пионерлер одағының ұйымы» қоғамдық қоры
Мақсаты: Жастар арасында суицидтік мінез-құлықты ескерту бойынша алдын алу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту
Жобаның міндеттері:
    «Қауіп-қатер тобының» жастарын анықтау, төмендегі іс-шаралар арқылы дағдарысты жеңу бойынша жастармен жұмыс жасайтын мамандардың, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету: жастар арасында суицид пен суицидтік мінез-құлығына кешенді зерттеу жүргізу; суицидқа әуес жастардың мінез-құлқына талдау жүргізу; жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған ұсыныстарды әзірлеу; Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларында дағдарысты жеңу бойынша көмек көрсететін, жастармен жұмыс жасайтын психологтарға, педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және жастардың ресурстық орталықтарына арналған семинарлар өткізу;
    Қарағанды, Павлодар, Өскемендегі бенефициарлар қатарынан жастарға арналған жоба тақырыбы бойынша дәрістерді ұйымдастырып, өткізу арқылы ақпараттық – түсіндіру кампанияларын өткізу;
    Әлеуметтік желілер арқылы бейнероликтер мен баспа материалдарын әзірлеп, тарату.

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды