Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «Солтүстік Қазақстан облысында «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» гранттық жобасының жүзеге асырылуының аралық нәтижелері

«Солтүстік Қазақстан облысында «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» гранттық жобасының жүзеге асырылуының аралық нәтижелері

Грант бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау
Жоба атауы: «Солтүстік Қазақстан облысында «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту»
Грант иегері: «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі
Мақсаты: Үнемі жұмыс жасайтын азаматтық орталықты ұйымдастыру арқылы ҮЕҰ-дың дамуы және олардың әлеуетін жоғарылату мәселелері бойынша кәсіби тәжірибелік көмекті алу үшін СҚО-ның үкіметтік емес ұйымдарына арналған жағдайлар жасау
Нәтижелері:
    СҚО ҮЕҰ мен мемлекеттік органдарының арасындағы өзара әрекеттестік деңгейіне қорытындылар мен ұсыныстар жасау арқылы талдау жүргізілді;
    ҮЕҰ арналған 18 кеңес өткізілді;
    СҚО ҮЕҰ арасында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» кіші-гранттар байқауы туралы ережелер әзірленді;  
    СҚО ҮЕҰ-ға арналған әдістемелік және ақпараттық құралдар әзірленіп, оларға таратылды;
    Жобаның мақсатты тобына мекен-жайлық тарату тәсілімен ақпараттық қолдау жүргізілді.

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды