Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттар конкурсының тәуелсіз сарапшылар құрамын анықтады

20.01.2017

Сарапшылық комиссия туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттар конкурсының тәуелсіз экспертизасын өткізу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі 2015 жылғы 25 желтоқсаннан №413 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік емес ұйымдарға гранттарды үлестіру және оларды іске асыру мониторингін жүргізу ережелеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдардың өтініштеріне тәуелсіз сараптама жүргізу мақсатында сарапшылық комиссия құрамы жасақталды.
Сарапшылық комиссия мүшелері мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ мүшелерінен құралады. Комиссияның жалпы санынан 30%-ын оператор ұсынады, ал 70% - мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстары бойынша.

Бағалау қорытындысы бойынша 10-адамнан құралған сарапшылық комиссия құрамына келесідей адамдар енді:

1. Сарапшылық комиссия Төрағасы – Сейдуманов С.Т., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты.
2. Сарапшылық комиссия Төрағасы орынбасары – Ерман М.Т., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты.
3.Сарапшылық комиссия мүшесі – Байболова Ш.С., «Ребенок должен жить в семье» ҚҚ
4. Сарапшылық комиссия мүшесі – Каримов Т.А., «Жаңару» коррупцияға қарсы жалпыхалықтық қозғалысы» РҚҰ
5. Сарапшылық комиссия мүшесі – Ким Е.Т., Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы
6. Сарапшылық комиссия мүшесі – Салимбаева А.А., «Қоғамдық келісім» РММ
7. Сарапшылық комиссия мүшесі – Сахариянов К.А., «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
8. Сарапшылық комиссия мүшесі – Айтказин А.Т., «Консалтинг және зерттеу орталығы»
9. Сарапшылық комиссия мүшесі – Уразбаев А.З., «Контртеррористік комитет» РҚҰ
10. Сарапшылық комиссия хатшысы (дауыс беру құқығы жоқ) – Абулова М.С., «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды