Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«АҚНИЕТ» АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жобаның атауы: Радикалдық идеологиядан зардап шеккен тұлғаларды қайта бейімдеу және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

Грант тақырыбы: Радикалдық идеологиядан зардап шеккен тұлғаларды қайта бейімдеу және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

Грант мақсаты: Дінге деген көзқарасына байланысты алалауға және қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесу, ақпараттық – насихат жұмыстарына, діни сауаттылықты арттыру,  діни араздық пен төзбеушілік, діннің атын жамылған радикализм, экстремизм және терроризм идеологиясының алдын алуға азаматтардың белсенді араласуы

Жоба бойынша қамтылды: 17 819 адам

Жоба бюджеті: 76 336 665 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір – 30 қараша 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    2019 азаматқа жеке түсіндірме жұмыстары жүргізілді (34 адам тәкфірлік көзқарастан толықтай бас тартты, 1901 адам қалыпты деңгейге тұрақтады, 84 адам радикалдық көзқарасынан айнымады);
•    ҚАЖК ұйымдары жағдайында ақпараттық-ағартушылық және жекелеген адамдармен іс-шаралар өткізілді. Жобалық жұмысқа жобаның тақырыбына баланысты теолог, психолог, заңгерлер қатарынан 24 маман тартылды;
•    Мемлекеттік органдарда 7 дәріс оқылды (жалпы саны 2162 адам қамтылды);
•    Астана қ., Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы ҚАЖК ұйымдарында жекелеген адамдармен іс-шаралар өткізілді (581 адам қамтылды);
•    Әйелдер жамағаты арасында мақсатты дәрістер оқылып, салафиттік жамаат қатарындағы 24 әйелге діни тақырыптар боынша 18 рет дәріс оқылды;
•    Деструктивті діни ағымдар кесірінен зардап шеккен адамдарды ортаға бейімдеу бағытында іс-шаралар ұйымдастырылды;
•    Жоба аясында тұрақты түрде араб тілі сабақтары өтіп тұрады (1 912 адам қамтылған);
•    Мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Ақниет» АНОО» ҚҚ базасында тағылымдамадан өтті.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Сығанақ к-сі.,10 үй, ВП – 38.  Телефон: +7 (7172) 57-70-24; 20-47-71, моб. 8-777-658-67-67, alimshaumetov@gmail.com  

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды