Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «DOC.KZ» ӘЛЕУМЕТТІК-ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ»  ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«DOC.KZ» ӘЛЕУМЕТТІК-ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жобаның атауы: Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы еріктілер қызметін дамыту әлеуетін зерттеу

Жоба тақырыбы: Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы еріктілер қызметін дамыту әлеуетін зерттеу

Жоба мақсаты: Қазақстандағы еріктілер жағдайына сараптама жасау. Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы еріктілер қызметін дамыту әлеуетін зерттеу


Жоба бойынша қамтылды: 1055 адам

Жоба бюджеті: 3 786 628 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:1 сәуір  - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    825 ерікті, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері,  еріктілердің көмегіне жүгінетін 30 адамнан тұратын 3 фокус-топ, еріктілер ұйымдары қатарынан тартылған 45 сарапшының қатысуымен Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына барлығы 900 адам қатысты;
•    Жүргізілген сараптама мен зерттеу қорытындыларына сүйеніп, еріктілер ұйымдары мен еріктілер қозғалысына қатысы бар ұйымдардың Картасы жасалды (125 ұйым, оның ішінде 28 еріктілер ұйымы, 97 қарым-қатынас ұйымы);
•    Талдықорған қ., Жетісу мөлтекауданында әртүрлі жастағы 100 баланың басын қосқан «Біздің әлем» аула клубы құрылды;
•    Алматы облысында аға буын өкілдерінен құралған еріктілердің «Көршілер» клубы құрылды.

Ақпараттық байланыс: 041200, Қазақстан,  Алматы облысы, Талдықорған қ., Қаратал мөлтекауданы, 36 А үй. Телефон: 8 (7282) 30 51 33



Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды