Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «ЖАҢАРУ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ЖАҢАРУ» ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жобаның атауы: Жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету

Грант тақырыбы: Жемқорлықтың кез-келген түріне төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету

Жоба мақсаты: тұрғындардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру, қоғамда жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, тұрғындарды мемлекет тарапынан көрстілетін қызмет түрлері бойынша ақпараттандыру
  
Жоба бойынша қамтылды: 2412 адам

Жоба бюджеті: 7 000 000  теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір – 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    Қазақстандағы жемқорлықтың алдын алу жөнінде дәріс сабақтары өткізілді;
•    Барлығы 20-ға тарта, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану жөнінде семинар, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің ережесін сақтау мен сапасы, қала тұрғындарын тұрғынүймен қамтамасыз етудің сапасы жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, дәріс оқылды;
•    Құрамына Қазақстанның 16 өңіріндегі барлық бөлімшелер кіретін ағарту қызметі құрылды;
•    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен өзара іс-қимыл туралы мәмілеге қол қойылды, сонымен қатар меморандум аясындағы міндеттердің жүзеге асыру бағытындағы бірлескен іс-шаралар мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттыруға ықпал етеді;
•    Парақша, буклет түріндегі ақпараттық-насихат құралдары таратылып, «ЖАҢАРУ» РҚҚ сайтында мәліметтер жарияланды, сонымен қатар БАҚ-да жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуы туралы материалар жарияланды.
    
Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Күйші Дина к-сі., 26/1, №5каб. Телефон +7 701 588 32 84, janaru.com@inbox.ru



Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды