Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл деңгейін көтеру

Грант тақырыбы: Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл деңгейін көтеру

Жоба мақсаты: Елдің 5 институциялық реформасы шеңберінде қоғамдағы әлеуметтік-маңызды мәселелер мен міндеттерді шешу үшін мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тиімділігін көтеру

Жоба бойынша қамтылды: 145 адам

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір – 31қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    Бес заңнамалық нормаға, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылын реттейтін НҚА-ге салыстырмалы талдау жасалды
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант, сыйлықақы туралы, Тергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы типтік ереже );
•    Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының тиімділігі мәселелері, ҮЕҰ-ң биліктің орталық (7 мемлекеттік орган) және жергілікті атқару органдарымен (16 өңір) өзара іс-қимылы жөніндегі кеңестің жұмысына сараптама жасалды;
•    ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту жөнінде өңірлік және республикалық деңгейде 145 адамды қамтыған топтық семинарлар өткізілді;
•    Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік органдарға қоғамдық талқылаулар нәтижесінде айқындалған 12 ұсыныс әзірленді;
•    Мемлекеттік органдар, биліктің жергілікті атқару органдары мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимыл түрі, деңгейі, жағдайы жайлы талдау жасау.

Байланыс ақпараты:140010, Алматы қ., Алмагүл м/а 33 үй, 28 пәтер.
Телефон: +7 705 259 92 46, cgi7@mail.ru

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды