Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«EURASIAN EXPERT COUNCIL» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«EURASIAN EXPERT COUNCIL» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: «111» Қазақстан балаларына арналған жедел желісі» ақпараттық қызметінің жұмысын ұйымдастыру  

Грант тақырыбы: «111» Қазақстан балаларына арналған жедел желісі» ақпараттық қызметінің жұмысын ұйымдастыру  

Жоба мақсаты: Байланыс орталығы балалар мен жасөспірімдердегі психологиялық қолайсыздық, агрессия деңгейін, оған қоса аутоагрессия және суицидті   азайту, психологиялық мәдениетті қалыптастыру мен психикалық денсаулықты және тұрғындардың психологиялық қорғалу ахуалын нығайту, балалардың құқығын қорғау және заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласы бойынша кеңес беру мақсатында құрылған

Жоба бойынша қамтылды: 1 400 адам

Жоба бюджеті: 20 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір – 30 қараша 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    Қазақстан балалары үшін 111 – шұғыл қызметі ҚР Бала құқығы жөніндегі Байланыс орталығының Медиа-жоспары әзірленді;
•    Бала құқығы жөніндегі Қазақстан Республикасындағы уәкілеттінің аппаратымен бірге Қазақстан балалары үшін 111 – шұғыл қызметі Бала құқығы жөніндегі Байланыс орталығының имидждік Жұмыс стратегиясы әзірленді;
•    Қостанай, Петропавовск, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Өскемен, Қызылорда, Астана қалалаларында мақсатты топтарды оқыту және біліктілігін көтеру шаралары өтті (білім беру мекемелері қызметкерлері мен БАҚ өкілдері) Жалпы қамтылған адам саны – 1 200;
•    «Қазақстан психологтары одағы» ЗТБ-мен бірге мектептерде балалар суицидінің алдын алу жөнінде әдістемелік ұсыныстар түріндегі оқу модулі әзірленді;
•    Байланыс орталығының операторлары мен психологтары, қызметкерлеріне арналған пилоттық тренингтер өтті.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Сарайшық, 5 – 39.
Телефон: +7 777 1081111, expcouncil@gmail.com

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды