Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«БАҚЫТТЫ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«БАҚЫТТЫ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: «Бақытты Бала - Бақытты  Отбасы - Бақытты Ел!»

Грант тақырыбы: Бала құқықтары саласында зерттеулер жүргізу, талдау жасау және қоғамдық бақылау орнату

Жоба мақсаты: Дүниежүзілік стандарттарға сәйкес балалардың құқықтарын сақтау және қоғамдық пікір саясатына мемлекеттік көзқарасты өзгерту арқылы қазақстандық балалардың өмір сапасын өзгерту

Жоба бойынша қамтылды: 3 320 адам

Жоба бюджеті: 20 000 000 тг

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір – 30 қараша 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    Балалар құқықтарын қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің ұсыныстары бар «Балаға жол»  брошюрасы, балалардың құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қамтамасыз етететін  уәкілетті мемлекеттік органдары үшін жұмыс критерийлері ұсынылатын «Бала және мемлекет» брошюрасы басылып шықты;
•    Балалар құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды анықтау үшін жүргізілген кешенді әлеуметтік зерттеулер барысында балалардың туындаған проблемаларға пікір білдіру, қатысу құқығын сақтау әлдеқайда жоғары деңгейде іске асты;
•    Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі саласындағы заңнамалық нормаларына, балалардың физикалық, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік және ақпараттық ортаны теріс ықпалынан қорғалуына талдау жасалды


Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., К. Әзірбаев к-сі, 2 үй, 33 пәтер. Телефон: +7 701 513 64 50, mak_ayash@mail.ru


Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды