Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.

«ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ИНСТИТУТЫ» ЖЕКЕМЕНШІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

27.12.2017

Жоба атауы: «Балалар үшін – бірге»

Грант тақырыбы: Бала және әділдік

Грант мақсаты: Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот органдарының психологтары, әлеуметтік қызметкерлер, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің психология бойынша білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында балалар үшін сот төрелігі жүйесін және балалардың құқықтары мен мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің тиімді жолдарын зерттеу

Жоба бойынша қамтылды: 267 адам

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір – 31қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    «Сенің құқықтарың мен міндеттерің, Қазақстанның жас азаматы», «Сенің құқықтарың мен міндеттерің, қазақстандың жас азамат» атты 2 брошюра басылды;
•    Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандар сотының кәмелетке толмағандар  ісін қарайтын 35 соты, 110 психологы мен әлеуметтік қызметкерлері, сонымен қатар ҚР «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ  және Астана қалалсындағы кәсіптік-техникалық колледждің психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері біліктілігін арттырды;
•    Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Неке және отбасы кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық кодекс, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобаларына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Білім туралы» Заңдарына өзгертулер енгізілді;
•    Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігі жүйесін жетілдіру, балаларды қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдер нормалары мен қағидаттарына сәйкестендіру мақсатында 50 ұсыным әзірленді.


Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Жұмабаев к-сі, 12 үй, 41 пәтер.
Телефон: +7 777 2120845, isr_2007@mail.ru

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды