Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«ҚҰҚЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ҚҰҚЫҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Бала және заң. Қазақстан Республикасындағы бала құқығы мен  мүддесін қорғау саласын кешенді талдау

Грант тақырыбы: Бала құқығын қорғау саласындағы жағдайларға  тәуелсіз қоғамдық бақылау жүргізу және талдау

Жоба мақсаты:
- балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тұтас жүйесі ретінде
Қазақстандағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот төрелігі жүйесін құру мен дамытуға ықпал ету;
- қайта бейімдеуден өткен заңмен қайшылықтағы кәмелетке толмағандарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ағымдағы жағдайды зерттеу;
- заңмен қайшылықтағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қолдау жүйесінің негізгі бағыттарын құру

Жоба бойынша қамтылды: 591адам

Жоба бюджеті:  10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы » заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жобасы әзірленді;
«Мінез-құлқы девиантты және пробация қызметінде тіркелген кәмелетке толмағандарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді;
•    Заңмен қайшылықтағы  кәмелетке толмағандарға арналған  балама бағдарламаларды репликациялау үшін 7 әлеуметтік қызметтің шағын желісі құрылды;

•    7 өңірде 319 адамды қамтыған 7 өңірлік семинар ұйымдастырылып, өткізілді  (Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы);

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Абай даңғылы, 92/3үй.
Телефон: +7 701 6077664, 87172-25-57-25, pravo_o_f@mail.ru

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды