Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«МЕНІҢ ҮЙІМ» ДАМУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«МЕНІҢ ҮЙІМ» ДАМУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жобаның атауы: Балалар мен ата-аналар арасындағы дағдарыс жағдайы бойынша  әлеуметтік қызмет  жұмысын құру

Грант тақырыбы: Балалар және зорлық-зомбылықпен күрес

Жобаның мақсаты: Отбасының психологиялық және эмоционалдық ахуалын жақсарту арқылы әлеуметтік-мүжәлсіз отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, ажырасулардың, суицид пен қылмыстың алдын алу,    отбасындағы қатал қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықты, ата-аналар құқығынан айыруды, балалар мен жасөспірімдердің бақылаусыз қалуы мен қараусыз қалуын болдырмау. Теміртау қаласындағы Отбасына кешенді әлеуметтік көмек көрсету орталығының базасында

Жоба бойынша қамтылды: 11 410 адам

Жоба бюджеті: 8 750 000 теңге

Жобаның жүзеге асу мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жобаның нәтижесі:
•    Ата-аналар мен балалар арасындағы дағдарыс жағдайлары бойынша әлеуметтік қызмет құрылып, жұмыс істеп тұр;  
•    «Болашаққа көпір» Жас Еріктілер Клубы құрылып, жұмыс істеп тұр;
•    Балаларға арналған «Өз құқыңды біл!» және ата-аналарға арналған «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» буклеттері мен кітапшасы әзірленіп, 1000 дана көлемінде таратылды;
•    Қатал қарым-қатынастан зардап шеккен балаларды оңалту, сенім телефоны арқылы жасөспірімдер және аналармен жұмыс қамтамасыз етілді. Сенімтелефонына барылығы – 615 адам хабарласты;  
•    Жобаны жүзеге асыру барысында 279 заң кеңесін алса, 356 адамға психологиялық қолдау, 254 бенефициарға әлеуметтік көмек көрсетілді;
•    80 әке «Жауапты әке», «еркектер әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы» топтарында оқыды;
•    Ата-аналық жауапкершілікті көтеру топтарында 80 ата-ана оқыды («ашумен күрес», кикілжіңді шешу, есейген ата-ана технологиясы) ;
•    150 адам «Көше заңгерлері мектебінде» оқыды;
•    50 жаттықтырушы оқытылып, тәуекел тобындағы балалар мен жасөспірімдерге жаттықтырушы болды;
•    30 бала ақысыз спорт секциялары мен шығармашылықпен айналысуға жолдама алды;
•    50 ата-ана ата-аналарға арналған құқықтық білім мектебінде оқыды.

Байланыс ақпараты: 101405, Теміртау қ., Пионерская к-сі, 59-Б.
Телефон:+7 7213 900095, moidom-06022004@mail.ru


Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды