Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «ҚОРҒАУ АСТАНА» ЖЕКЕМЕНШІК ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ҚОРҒАУ АСТАНА» ЖЕКЕМЕНШІК ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу қызметін ұйымдастыру

Грант тақырыбы: Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу қызметін ұйымдастыру

Жоба мақсаты: Тұрғындарды қарсы тұру шаралары туралы хабардар ету арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің азаюы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің арнайы әлеуметтік қызметке жүгіну мен қорғалу мүмкіндігін алуы

Жоба бойынша қамтылды: 455 адам

Жоба бюджеті: 2 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    «Шанс» орталығының бөлімшесінде және Астана қаласындағы «Көмек» уақытша мекендеу орталығының» базасы мен Шымкент қаласындағы «Көмек» дағдарыс орталығының базасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша кеңес беру орталығы ұйымдастырылды;
•    Сенім телефоны қызметі арқылы 46 бенефициарға, отбасылық кикілжіңдегі 22 адаммен жекелей кездесу арқылы кеңес берілді. Олардың бір бөлігі тексерістен өтіп, бір бөлігі заң және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алды, ал 20 адам дағдарыс орталықтарына жолдама алды;  
•    17 ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылды.  Оның 12-сі оқу орындарының базасында, 5-і адамдардың көп шоғырланған орындарында;
•    Адамдардың көп шоғырланған жерлерінде өткізілген ақпараттық науқанның шеңберінде 1 000-ға жуық адам қамтылды.

Байланыс ақпараты:  Астана қ.,  Ақжан к-сі, 7, 1пәтер. Телефон: 306073, 87028929777



Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды