Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «ЖАСТАР ҮНІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ЖАСТАР ҮНІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Балалар және кәсіпкерлік

Грант тақырыбы: Балалар және кәсіпкерлік

Жоба мақсаты: Балалар мен жастар арасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтің мәні мен маңызын насихаттау

Жоба бойынша қамтылды: 10 501 адам

Жоба бюджеті:  10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жобаның нәтижесі:
•    14 облыс пен Астана және Алматы қалаларында 1600 адамның қатысуымен «Балалардың кәсіпкерлікке қарым-қатынасы» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізілді;
•    100 сарапшының қатысуымен бүкіл республика көлемінде «Балаларды тамақтандыру және балалардың бос уақыт өткізуді ұйымдастыру» тақырыбында сараптамалық зерттеу жүргізілді;
•    100-ден астам баланың қатысуымен қаржылық сауат және кәсіпкерлікке баулу семинар-тренингтері өткізілді;
•    Балалар мен жастар мен жас жеткіншектер еңбегі, кәсіпкерлік негіздерін насихаттайтын журналдың 4 саны басылып шықты (әр саны 1000 дана, барлығы 4000 дана журнал). Журналдар 14 облыс пен республикалық маңызы бар             2 қаланың білім бөлімдеріне таратылды;
•    7 облыста кәсіпкерлік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар);
•    Балалар мен жасөспірімдер кәсіпкерлігі туралы 5 бейнеролик түсіріліп, БАҚ-да көрсетілді. Қаралым саны – 4000.

Байланыс ақпараты: 050008, Алматы қ., Абай даңғылы 52 В, корпус 1, 324 кеңсе. Телефон: +7 (727) 392 13 34; bolashakzhasar@mail.ru


Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды