Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АСЫЛ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АСЫЛ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Бала көзқарасын құрметтеу

Грант тақырыбы: Бала көзқарасын құрметтеу (Кеңес беру ағарту орталығын ашу)

Жоба мақсаты: азаматтылық, отансүйгіштік, өмірге деген белсенділікті қалыптастырып, өз халқы, оның тарихы, дәстүлері мен мәдени жетістіктері  үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу  мақсатында балалар мен жастарды мазалайтын сұрақтарды анықтап, жауабын іздеу

Жоба бойынша қамтылды: 726 адам

Жобаның бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    «Жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттары оқушыларының ата-аналарына Тренингтік жоспар» өткізілді. Ата-аналар саны - 300;
•    Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары жаттықтырушыларына арналған «Құқықтанушылар мектебі» оқыту іс-шарасы өткізілді. Қатысушылар саны – 200 адам.  
•    Отбасыларды қолдауға арналған «Ата-аналар академиясы» атты кеңес беру және білім беру орталығы ашылды. Орталықтың қызметіне 1000 адам жүгінген. («Болашақ аналар мектебі», «Болашақ әкелер мектебі»);
•    Жоба аясында 20 маман оқытылды (психологтар);
•    «Бала көзқарасын құрметтеу» ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысы барысында қатысушылар кәмелетке толмағандар құқығын қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жақсарту жөнінде ұсыныстар жиынтығы дайындалды;
•    ҚР заңнамалық нормаларын өзгертуге ұсыныстар дайындалды (Азаматтық Кодекс, ҚР әкімшілік процедуралар туралы Кодекс, Неке және отбасы Кодексі).

Баланыс ақпараты: 110000, Қостанай қ.,1 мамыр к-сі., 151.
Телефон: +7 701 7485601, utebaeva-d@mail.ru

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды