Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жоба атауы: Балалар және қоршаған орта

Грант тақырыбы: Балалар және қоршаған орта жағдайы. (қоршаған орта жағдайын балалар ауруы тұрғысынан бағалау)

Грант бағыты: Қоршаған ортаны қорғау

Жоба мақсаты: Тұрғындардың денсаулығын нығайту, эко-білім және елдің әлеуметтік-демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы ағарту және ақпараттық шаралар арқылы бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру

Жоба бойынша қамтылды: 225 адам

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижелері:
•    Бес өңірде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) балалардың денсаулық жағдайын зерделей келе, балалардың ауыру жиілігінің тікелей экологияға байланыстылығы анықталды,  сонымен қатар, ата-аналары сол өңірді ұзақ уақыт мекендеуінен  болған   балалардың  туабітті  аурулары  Семей мен Арал маңының экологиясы нашар аумақтарындағы балалар денсаулығы мен  экологияның өзара байланысын арықарай зерттеу қажеттігін дәлелдейді.
•    Экологияның түйткілді мәселелерін шешу жөнінде ақпараттық-ағарту шаралары өткізілді;
•    Қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы салыстыру кестесі әзірленді;
•    Тиісті мемлекеттік құрылымдарға қоршаған ортаның балалар денсаулығына тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар әзірленді және берілді;

Байланыс ақпараты:  «Қазақстанның Экологиялық Қоры» ҚҚ, Астана қ., Республика даңғылы, 43а, 45 пәтер. Телефон: +7(7172) 57 43 68

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды