Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
 «КЕҢЕС» ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«КЕҢЕС» ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

26.12.2017

Жобаның атауы: Мүмкіндігі шектеулі балалар – мемлекеттің маңызды ресурсы

Грант тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балалар

Гранттың бағыты: Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

Жобаның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасының өмір сапасын арттыру.  Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын сақтау жағдайларына, кедергісіз ортаға  мониторинг жасау және зерттеу, мәдениет және спорт, білім беру нысандарының қолжетімділігі саласындағы құқықтық-нормативтік актілер жобасын әзірлеу

Жоба бойыншы қамтылды: 320 адам

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    мәдениет және спорт, білім берудің қолжетімділігі саласы, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру Стандартының және даму патологиясы бар және туабітті тәуекел тобындағы 3  жастан жоғары балаларға әлеуметтік көмек көрсететін «Ертерек аралас» (Қызылорда, Шымкент, Тараз, Байқоңыр қалаларында) әлеуметтік қызметінің Стандарты жобасы әзірленді;
•    өңірлердегі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруге және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқытатын Ресурстық орталықтарды ашу қажеттілігі бастамасын көтеруге ынтасы жоғарылады;  
•    мүмкіндігі шектеулі балаларған арналған Ресурстық орталықтарды ашуға ұсыныстар әзірленді;
•    инклюзивтік үдерісті ұйымдастырудағы кедергілерді жою жөнінде Ұсыныстар әзірленді.


Байланыс ақпараты: Алматы қ., Құрманғазы к-сі.,166 пәтер. Телефон: +7 701 8017220; kenes_may@mail.ru

Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды