Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ БАР ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ БАР ӘЙЕЛДЕР ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Жобаның атауы: Бала және денсаулық. Кешенді зерттеулер жүргізу

Грант тақырыбы: Бала және денсаулық

Жоба мақсаты: психикалық денсаулық мәселелерін шешудің тиімді тәсілдері мен шараларын іздеу және зерттеу, суицидтің алдын алу мен балалар және мектеп жасындағы жасөспірімдердің денсаулығының репродуктивті жағдайы

Жоба бойынша қамтылды: 6 300 адам

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  1 сәуір - 31 қазан 2017ж

Жоба нәтижесі:
•    Психикалық денсаулықты сақтау саласындағы заңнамаларды қамтамасыз етудің  тиімді шараларын енгізу және жүзеге асыру, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мен олардың репродуктивті құқығы туралы ұсыныстар, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы негізінде жасөспірімдер мен жастардың псхикалық және репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері бойынша білім алуды және қызметтерді тұтыну қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді;
•    Психикалық денсаулық саласындағы заңнаманы қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және олардың репродуктивтік құқықтары туралы тиімді шараларды енгізу және жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірленді және жүргізілген зерттеу қорытындысы негізінде жасөспірімдер мен жастардың психикалық және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша қызметтерге және білім алуына қол жетімділікті қамтамасыз ету;
•    Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы түйткілді мәселелерді зерделеу бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді, балалардың құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық ықпалдастықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделері жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдардың жұмыс істеу талаптары әзірленді
•    Білім беру және ғылым, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, ЮНФПА, ЮНИСЕФ және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, жасөспірімдердің сауатты және хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында ынтымақтастық орнатылды;
•    балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттандыру және ағартушылық науқандарын өткізу, балалармен және жастармен жұмыс істейтін мамандар әлеуеті мен ата-аналардың хабардар болуын арттыру барысында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл күшейді;

Байланыс ақпараты: Алматы қ., Абай даңғылы, 75-31.
Телефон: +7 (701) 8017220, wlci@mail


Бөлім мәзірі

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды